Майра Мұхамедқызы

Операның жетекші солисті

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. Еуропа мен АҚШ-та Майра Керей (Maira Kerey) есімімен танымал.

ҚХР-да туып-өскен. Қытай халықтары орталық университетінің музыкалық факультетін және Бейжің консерваториясын бітірген (Го Шу Джен сыныбы). Қазақстанға 1994 жылы көшіп келді. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында машықтанудан өтті (профессор Н.А. Шарипованың сыныбы). 1996 жылдан – Абай атындағы МАОБТ солисті. 2015 жылдан – «Астана Опера» МОБТ жетекші солисті атанды.

РЕПЕРТУАРЫ:

Еуропаның опера сахнасында өнер жолын бастаған әнші Париждегі Opéra National de Paris театрында Роберто Аланья және Марсело Альвареспен бірге Мюзеттаның рөлін («Богема», Дж. Пуччини), Нансидегі Opéra National de Lorraine, Opéra de Rennes (Ренн), Théâtre de Caen (Кан) және Бордодағы Opéra National театрларында Г. Доницеттидің «Махаббат шырыны» операсынан Адинаның партиясын орындады.

2005 жылы Америка сахнасына шығып, Вашингтондағы Ұлттық опера театрында Мирелла Френимен бірге П. Чайковскийдің «Орлеан бикеші» операсынан Агнеса Сорельдің рөлін орындады.

Сонымен қатар репертуарындағы опера партиялары: Ажар («Абай», А. Жұбанов пен Л. Хамиди), Жібек («Қыз Жібек», Е. Брусиловский), Айсұлу («Айсұлу», С. Мұхамеджанов), Виолетта («Травиата», Дж. Верди), Микаэла («Кармен», Ж. Бизе), Лючия («Лючия ди Ламмермур», Г. Доницетти), Лю («Турандот», Дж. Пуччини), Мюзетта («Богема», Дж. Пуччини), Адина («Махаббат шырыны», Г. Доницетти), Маргарита («Фауст», Ш. Гуно), Джульетта («Ромео мен Джульетта», Ш. Гуно), Джильда («Риголетто», Дж. Верди), Титания («Жазғы түндегі түс», Б. Бриттен), Главка («Медея», Л. Керубини), Анжелика («Сестра Анжелика», Дж. Пуччини), Сильвия («Занетто», П. Масканьи), Аменаида («Танкред», Дж. Россини), Донна Анна («Дон Жуан», В.А. Моцарт), Норина («Дон Паскуале», Г. Доницетти) және т.б.

Концерттік репертуарында – Л. Бетховеннің №9 симфониясы, Й. Гайднның «Әлемнің жаратылуы», Ф. Мендельсонның «Илия» ораториялары, В.А. Моцарттың Exultate Jubilate, Дж. Перголезидің Stabat Mater, Дж. Россинидің «Кішкентай салтанатты мессасы», Э. Вила-Лобостың №5 Bachianas Brasileiras туындылары бар.

Бейжің, Гонконг, Ыстамбұл, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербург, Будапешт қалаларында және Словакияда жеке концерттерін берді; Бейжің Орталық опера театрының симфониялық оркестрімен «Жон Шань Ли Тан» холлында, Ұлыбританияның Лондон Патшалық симфониялық оркестрімен екі рет Кадоган-холлда, сонымен қатар берлиндік Концертхауста, веналық Хофбург сарайында, ЮНЕСКО залында (Париж) өнер көрсетті. Концерттерде Г. Форе, Ф. Пуленк, К. Дебюсси, С. Рахманинов, П. Чайковский, сондай-ақ қазақ және қытай халық әндерін орындады.

МАРАПАТТАРЫ:

  • Бүкілқытайлық «Алтын айдаһар» жас опера әншілері байқауының бірінші сыйлығы (БейжіңҚытай, 1988);

  • Н.А. Римский-Корсаков атындағы жас опера әншілері I халықаралық байқауының әртістік шеберлігі үшін арнайы дипломы (Санкт-Петербург, Ресей, 1995);

  • Томас Алкайде атындағы I халықаралық байқауының бірінші сыйлығы (Эштремош, Португалия,1997);

  • П. Чайковский атындағы XI халықаралық байқаудың үшінші сыйлығы және М.Я. Давыдов атындағы арнайы диплом (Мәскеу, Ресей, 1998);

  • Елена Образцованың жас опера әншілері халықаралық байқауында түрлі номинациядағы үш диплом және арнайы сыйлық (Санкт-Петербург, Ресей, 1999);

  • «Жаңа есім – үміт» номинациясы бойынша Қазақстан меценаттарының тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы (2000);

  • «Алтын Адам – Казақстандағы жыл адамы-2004» ұлттық фестиваль-байқауының лауреаты (Опера өнерінің жыл жұлдызы);

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2008).