Мадина Исламова

Опера солисті (сопрано)

2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ, халықаралық журналистика бакалавры) және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дайындық курсын, 2015 жылы  Вена консерваториясын тәмамдады (Элиана Коэльо сыныбы).

Әнші Лондон, Париж, Зальцбург және Миланда тәжірибеден өткен. Барбара Бонни, Джанет Перри, Кристина Лаки, Ута Швабе, Зигфрид Булибасич, Элена Лазарска және т.б. жеке орындаушылардың шеберлік сағаттарына қатысқан. Актерлік шеберлік өнері бойынша Тито Капобьянко (Австрия, 2015) және Эндрю Синклер (Ұлыбритания, 2012-2013) сияқты әйгілі режиссерлерден тәжірибе жинақтаған. Норман Шетлер (Австрия) және Матиас Ладеманн (Германия) сияқты белгілі пианисттермен әріптестікте жұмыс жасаған.

Австриядағы Қазақстан Елшілігі және Қазақстан-Австрия қоғамымен бірлесіп өткізілген Kazakhstan meets Austria (2013) жобасының продюсері болған, Ресей-Еуропа мәдениет қауымдастықтарымен бірге жұмыс жасады, Бенилюкс елдері «Мәдениеттер сұхбаты» бағдарламасының шақырылған қатысушысы, Венадағы Отто Эдельман қоғамы концерттерінің қатысушысы.

2011 жылы қазанда Венадағы Хофбург сарайында жеке концерті өтті.

2016 жылғы қазан айында «Жібек жолы» III халықаралық фестивалі аясында «Астана Опера» театрында жеке концерті өткізілді (фортепиано партиясында – Матиас Ладеманн, Австрия). Қазақстанның концерт залдарында, сонымен қатар Барселона (Испания), Айфель (Германия), Лондон (Ұлыбритания), Қырымда (Ресей) өткен фестивальдерде өнер көрсетті.

Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық байқауының I дәрежелі сыйлық лауреаты (2010).

Репертуары:

Мюзетта («Богема», Дж. Пуччини)

Алтынай («Біржан – Сара», М.Төлебаев)

Баян сұлу («Қозы көрпеш пен Баян сұлу», М.Төлебаев)

Абыз әйел («Аида», Дж. Верди)

Ана («Мадам Баттерфляй», Дж. Пуччини)

Сопрано партиясы (Ғ.Жұбанованың музыкасына «Қарагөз» балеті)

Сопрано партиясы («Бақшасарай бұрқағы» балеті, Б.Асафьев)