Галина Чеплакова

Опера солисті. Сопрано

2010 жылы З. Исмагилов атындағы Уфа Мемлекеттік өнер академиясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша (Ресейдің және Башқұртстан Республикасының Халық әртісіФ. Кильдиярова мен Ресейдің және Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері М. Муртазинаның сыныбы) үздік тәмамдап шықты.

2009 жылы Италияда тәжірибеден өтті.

2008-2010 жылдары – Башқұрт мемлекеттік опера және балет театры опера труппасының тәлімгері, 2010 жылдан бастап солисті.

М. Жәлел атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының шақырылған солисті.

Ренат Салаватов (Қазан), Айрат Ишмуратов (Канада), Мика Айшенхольц (Швеция), Алла Москаленко (Украина), Милош Крейчи (Чехия), Александр Анисимов (Беларусь), Марко Боэми (Италия) сияқты дирижерлармен еңбек етті.

 

АТАҚТАРЫ МЕН МАРАПАТТАРЫ:

​ Қалалық «Дебют» тұңғыш жас вокалшылар байқауының І сыйлық лауреаты (Уфа, 2000);

​ Аймақтық Жас музыканттар байқауының І сыйлық лауреаты (Уфа, 2004);

​ Н. Сабитов атындағы IV орындаушы музыканттар ашық байқауының дипломанты және «Нариман Сабитовтың шығармаларын үздік орындағаны үшін» арнайы жүлдесінің иегері (Уфа, 2004);

​ Г. Алмухаметов атындағы ашық республикалық вокалшылар байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Уфа, 2005);

​ Bella voce ХIII Халықаралық студенттер байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Мәскеу, 2005);

​ Н. Гасташева атындағы ІІІ Солтүстік-Кавказ ашық вокалшылар байқауының І дәрежелі лауреаты (Нальчик, 2006);

​ «Окно в Европу» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестиваль-байқауының І дәрежелі лауреаты (Санкт-Петербург, 2008).

 

РЕПЕРТУАРЫ:

Фьордилиджи («Ғашықтар мектебі немесе барлық әйелдер осылай жасайды», В.А. Моцарт)

Памина («Сиқырлы флейта», В.А. Моцарт)

Донна Анна («Дон Жуан», В.А. Моцарт)

Джильда («Риголетто», Дж. Верди)

Виолетта («Травиата», Дж. Верди)

Микаэла, Фраскита («Кармен», Ж. Бизе)

Мюзетта («Богема», Дж. Пуччини)

Адина («Махаббат шырыны», Г. Доницетти)

Маргарита («Фауст», Ш. Гуно)

Валентина («Көңілді жесір», Ф. Легар)

Иоланта («Иоланта», П. Чайковский)

 

ЖЕКЕ АНГАЖЕМЕНТ:

Нидерланды (2011, 2012, 2013), Германия (2012), Италия (2012), Бельгия (2011, 2013).