Альфия Каримова

Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі

Уфа мемлекеттік өнер академиясында «Вокал өнері» мамандығы бойынша білім алып, аспирантура-тағылымдамадан өтті (профессор М.Г.Муртазинаның сыныбы).

Академия студенті бола жүріп, Башқұрт мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасына солист ретінде шақырылған.

2008–2012 жж. Новосібір мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі.

2006 жылдан бастап шақырылған солист ретінде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Алматы) мен М.Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында (Қазан) лирикалық-колоратуралық репертуардағы басты партияларды орындайды. Соңғы аталған театр труппасымен «Сиқырлы флейта» және «Інжу-маржан іздеушілер» операларында жетекші партияларды орындау үшін Нидерландыға гастрольмен барды.

2013 жылдан – «Астана Опера мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі.

2015 жылы «Ең үздік әйел дауысы» номинациясы бойынша The opera ball award сыйлығымен марапатталған.

«Алтын маска» ұлттық театр сыйлығының номинанты (Ресей).

Көптеген халықаралық байқаулардың, соның ішінде Н.Римский-Корсаков атындағы жас опера әншілері халықаралық байқауының лауреаты (Санкт-Петербор, Ресей).

Ф.Виньяс атындағы халықаралық байқауы (Барселона, Испания, 2007).

Б.Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауының Бас жүлде иегері.

Ұлыбритания, Ресей, Қазақстандағы халықаралық вокалистер байқауларының әділқазылар мүшесі.

ҚазҰӨУ вокалдық өнер және дирижерлеу кафедрасының оқытушысы.

Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі.

Италия, Испания, Нидерланды, АҚШ, Канада, Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Ресей, ТМД елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсеткен.