Айгүл Ниязова

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1997 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға «Опералық ән айту» мамандығы бойынша профессор, Қазақстанның Халық әртісі Хорлан Калиламбекова сыныбына оқуға түсті. 1999 жылдан оқуын Астана қаласының Қазақ ұлттық музыка академиясында жалғастырады. 2001 жылдан – К. Байсейітова атындағы ҰОБТ жетекші солисті. Италияда екі рет машықтанудан өткен: Перголези-Спонтини театры мен Ла Скала Академиясында маэстро Мирелла Френи және Лучиана Серрамен (2007, 2010). 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ опера жетекші солисті.

МАРАПАТТАРЫ:

  • «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері (Астана, 2001);

  • Н. Сабитов атындағы халықаралық вокалшылар байқауының I сыйлық лауреаты (Уфа, 2002);

  • К. Байсейітова атындағы республикалық вокалшылар байқауының I сыйлық лауреаты (Астана, 2002);

  • Л. Собинов атындағы халықаралық опера фестивалінің дипломанты (Саратов 2003);

  • «Янтарный соловей» халықаралық камералық орындаушылар байқауының III сыйлық лауреаты (Калининград, 2004).

РЕПЕРТУАРЫ:

Сара («Біржан – Сара», М. Төлебаев)

Ажар («Абай», А. Жұбанов және Л. Хамиди)

Татьяна («Евгений Онегин», П. Чайковский)

Аида («Аида», Дж. Верди)

Дездемона («Отелло», Дж. Верди)

Мими («Богема», Дж. Пуччини)

Манон («Манон Леско», Дж. Пуччини)

Графиня («Фигароның үйлену тойы», В.А. Моцарт)

Асами («Астана» мюзиклі, А. Серкебаев)

Сопрано партиясы (Реквием, Дж. Верди)

Чио-Чио-сан («Мадам Баттерфляй», Дж. Пуччини)

Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» опера фестивалінің қатысушысы (2004, 2008). Карло Феличе театрының шақыруымен, режиссер Этторе Скола қойылымындағы Дж. Пуччинидің «Богема» операсында Мими партиясын орындады (2015).

Танымал Фуат Мансұров, Төлепберген Әбдірашев, Алан Бөрібаев, Джузеппе Аквавива және басқа да дирижерлармен бірге еңбек етті.

«Астана Опера» театрының әлемдік турнесі аясында Карнеги-холл (Нью-Йорк, США), Sony Centre for the Performing Arts (Торонто, Канада), Опера Бастилия (Париж, Франция), Stadsschouwburg (Антверпен, Бельгия), De Doelin концерттік залы (Роттердам, Нидерланды) сияқты танымал сахналарда, сондай-ақ Новая опера (Москва), Саратов академиялық опера және балет театрында өнер көрсетті.