Шыңғыс Расылхан

бас

1993 жылдың 22 тамызында Таразда дүниеге келген.

Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін «Вокалдық өнер (опералық ән айту)» мамандығы бойынша тамамдады (2013).

Қазіргі таңда Қазақ ұлттық өнер университетінің 4 курс студенті (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т. Мұсабаевтың сыныбы).

МАРАПАТТАРЫ

    • Республикалық студенттік олимпиаданың І сыйлық лауреаты (Алматы, 2011);

    • Ағайынды Абдуллиндер атындағы байқаудың І сыйлық лауреаты (Өскемен, 2012);

    • Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты (Астана, 2017).

2017 жылдан бастап – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының тәлімгер солисті болып табылады.

РЕПЕРТУАРЫ:

Ризашы («Тоска», Дж. Пуччини)

Қожағұл («Біржан – Сара»М. Төлебаев)

Доктор Гренвиль («Травиата», Дж. Верди)