Назым Сағынтай

Сопрано

1994 жылдың 26 қыркүйегінде Қызылордада дүниеге келді. 2014 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін «Академиялық ән айту» мамандығы бойынша тамамдады (ұстазы – И.Жарылқанов).

Қазіргі таңда «Шабыт» Ұлттық өнер университетінің IV курсында «Опералық ән айту» мамандығы бойынша білім алуда (ұстазы – Д.Ш.Қабыкеева).

2013–2014 жылдары Қызылорда облысы филармониясының солисті болды. 2017 жылдан – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры опера труппасының тәлімгер солисті.

МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

  • Мұқан Төлебаев атындағы І республикалық байқаудың ІІІ сыйлық лауреаты (Семей, 2013);

  • IX республикалық ұлттық жастар Дельфи ойындарының алтын медалі (Алматы, 2013);

  • Бибігүл Төлегенованың VII халықаралық байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Астана, 2014);

  • «Eurasia piano forum» І халықаралық байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Астана, 2015);

  • «Жұбанов көктемі» Халықаралық вокалистер байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Ақтөбе, 2015);

  • «Шабыт» XVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ІІ сыйлық лауреаты (Астана, 2015);

  • Еркеғали Рахмадиев атындағы І халықаралық вокалистер байқауында Қазақстан композиторлар одағының арнайы жүлдесінің иегері әрі І сыйлық лауреаты (Астана, 2016);

  • «Орфей» ІІІ Бүкілресейлік вокалистер байқауының Бас жүлдесі (Челябинск, Ресей, 2016);

  • Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық байқау-фестивалінің Бас жүлдесі (Шымкент, 2016);

  • Вокалистердің ІІІ халықаралық Рождестволық байқауының финалға қатысушысы және арнайы жүлде иегері (Рейндегі (Дюссельдорф) Неміс операсына тыңдалымға шақырту) (Минск, Беларусь, 2016).

РЕПЕРТУАРЫ

Қыз Жібек («Қыз Жібек», Е. Брусиловский)