Елена Ганжа

Тәлімгер солист. Сопрано

2004 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясының «Орындаушылық өнер – академиялық жеке ән салу» мамандығы (Қазақстанның Халық әртісі Қ.И.Қалиламбекованың сыныбы) бойынша тәмамдап шықты.

2002 жылы К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрына хор әртісі ретінде жұмысқа қабылданып, 2007 жылы опера солисті атанды.

2013 жылдан – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының тәлімгер солисті.

Абзал Мұхитдинов, Ержан Дәуітов, Қанат Ахметов, Дидье Тальпен (Франция), Ренат Салаватов, Франческо Иван Чампа (Италия) сияқты дирижерлармен жұмыс істеді.

МАРАПАТТАРЫ:

  • «Очарование романса» IХ Халықаралық орыс романсының орындаушылары байқауының дипломанты (Шымкент, 2006);

  • «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің дипломанты (Астана, 2007);

  • Бюль-Бюль атындағы IV Халықаралық вокалшылар байқауының лауреаты (Баку, Әзербайжан, 2007);

  • «Очарование романса» Халықаралық орыс романсының орындаушылары байқауының «Қазақ романсын дамытқаны үшін» арнайы дипломының иегері (Шымкент, 2010);

  • You are our pride Халықаралық вокалшылар байқауының І сыйлық лауреаты (Ереван, Армения, 2012).

РЕПЕРТУАРЫ:

Татьяна («Евгений Онегин», П. Чайковский)

СюзаннаБарбаринаГрафиня («Фигароның үйлену тойы», В.А. Моцарт)

Ұлы абыз әйел («Аида», Дж. Верди)

Дездемона («Отелло», Дж. Верди)

Графиня ЧепраноПаж («Риголетто», Дж. Верди)

София («Жас Вертердің махаббат тарихы мен өлімі», Ж. Массне)

Алтынай («Бiржан  Сара», М. Төлебаев)

Ажар («Абай», А. Жұбанов, Л. Хамиди)

ФлораАнина («Травиата», Дж. Верди)

ДзиньПринцесса («Сиқырлы музыка», М. Минков)

МанонМузыкант («Манон Леско», Дж. Пуччини)

МюзеттаМими («Богема», Дж. Пуччини)

Иоланта («Иоланта», П. Чайковский)

АнтонияДжульетта («Гофман ертегілері», Ж. Оффенбах)