Әсем Сембина

Сопрано

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін «Хор дирижерлеу» мамандығы бойынша (2004) және Құрманғазы атындағы консерваторияны «Вокал өнері» мамандығы бойынша бітірген (доцент Ж.М. Мекенбаева сыныбы, 2011).
ҚазҰӨУ-ң магистратурасын тәмамдаған (ҚР Халық әртісі, профессор Х.И. Қалиламбекова сыныбы, 2013).
2011 жылдан ҚР ІІК шекара қызметі ансамблінің солисті және Сүйінбай атындағы Алматы областық филармониясының солисті болып еңбек еткен. Гастрольдік сапармен Вьетнам және Қытайға барған (2013).
2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ Опера Академиясының солисті.

МАРАПАТТАУЛАРЫ:

  • З. Исмагилова атындағы І халықаралық байқауының3 сыйлық лауреаты (Ресей, 2007);
  • Н. Тілендиев атындағы ІІ халықаралық байқауының 2 сыйлық лауреаты (Тараз, 2009);
  • Романс орындаушыларының «Қазақ романсиадасы» XII халықаралық байқауының 3 сыйлық лауреаты (Шымкент, 2009);
  • Б. Төлегенова атындағы IV халықаралық байқауының 3 сыйлық лауреаты (Алматы, 2010);
  • Н. Тілендиев атындағы ІІ халықаралық байқауының 3 сыйлық лауреаты (Астана, 2011).
  • РЕПЕРТУАРЫ:

    В. Стригоцкийдің «Дерево в лучах заката» вокалдық циклі (Алматы, 2009)

    Асами (А. Серкебаев, «Астана» мюзиклі)
    Алтынай (М. Төлебаев, «Біржан-Сара»)