Болат Есімханов

Бас

Қ. Байсейітов атындағы Талдықорған музыкалық колледжін «Кларнет» мамандығы бойынша (1993–1997), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын«Композиция» мамандығы бойынша (КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, профессор Е.Рахмадиев сыныбы, 19972003) тәмамдаған. П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында «Жеке ән айту» мамандығы бойынша білім алды (РФ Халық әртісі, профессор Б.Кудрявцев сыныбы, 2003–2008). La Scala академиясында тағылымдамадан өтті (Италия, 2010, 2016).

2008–2013 жылдарда – Абай атындағы МАОБТ опера труппасының жетекші солисті. 2011 жылдан – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал өнері» кафедрасында ұстаз болды. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ опера солисті.

МАРАПАТТАРЫ:

– «Жылдың үздік опералық партиясы» номинациясы бойынша «Еңілікгүл» кәсіби театр сыйлығының лауреаты (Алматы, 2011);

– Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауының лауреаты (Астана, 2011);

– ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2014).

РЕПЕРТУАРЫ:

Сырттан («Абай», А. Жұбанов және Л. Хамиди)

Рамфис («Аида», Дж.Верди)

Анджелотти («Тоска», Дж. Пуччини)

Осмин («Серальдан алып қашу», В.А. Моцарт)

Командор («Дон Жуан», В.А. Моцарт)

Герман («Тангейзер»Р. Вагнер)

Спарафучиле («Риголетто»Дж. Верди)

Феррандо («Трубадур», Дж. Верди)

Собакин («Патша қалыңдығы», Н. Римский-Корсаков)

Князь Гремин («Евгений Онегин»П. Чайковский)

Жәңгір хан («Махамбет», Б. Жұманиязов)

Тамура («Астана» мюзиклі, А. Серкебаев)