Барсег Туманян

Бас, Арменияның Халық әртісі.

Комитас атындағы Eреван мемлекеттік консерваториясын тәмамдады (профессор А. Карапетян сыныбы, 1982). 1982-1983 жылдары Миландағы Ла Скала театрында машықтанудан өтіп, 1985 жылы профессор Е. Нестеренко басшылығымен Мәскеу консерваториясының аспирантурасын бітірді. 2014 жылдан – «Астана Опера» МОБТ операсының жетекші шебері.

1980 жылдан бастап Спендиаров атындағы Ереван академиялық опера және балет театрының солисті. Үздік сахналарда өнер көрсеткен, олар: Вигмор-холл, Ковент-Гарден (Лондон), Опера Бастиль (Париж), Метрополитен-опера (Нью Йорк), Буэнос-Айрестегі Колон театры (Аргентина)…

Оның ән өнеріне Вена, Мюнхен, Гамбург, Бонн, Бостон, Лос-Анджелес, Каракас (Венесуэла), сондай-ақ Еуропа, Канада және АҚШ-тың басқа да қалаларында тыңдармандар зор ықылас танытқан. 1989 жылы Ковент-Гарденде Барсег Туманян Арменияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған қайырымдылық гала-концертке қатысты. 1990-шы жылдардың басында Австралияға гастрольдік сапармен барып, Мефистофель партиясын орындағаны үшін «Үздік ер адам рөлі» номинациясы жүлдесін жеңіп алды.

Барсег Туманян шығармашылық ғұмырында Николас Джоэль, Иоаннес Скаф және басқа да танымал режиссерлармен ынтымақтас болған. 2005 жылдан бастап жеке концерттерімен Еуропа, Канада және АҚШ-тың ең үздік залдарында өнер көрсетуде.

Барсег Туманян Еуропа Академиясы (Ганновер), Табиғат және қоғам жөніндегі Халықаралық ғылыми академияның толық мүшесі болып табылады. 2003 жылы Халықаралық рыцарлар қатарына алынып (Германия), Халықаралық рыцарлық одақтың мүшесі атанды.

 

РЕПЕРТУАР:

Аттила (Дж. Верди, «Аттила»)

Мефистофель (Ш. Гуно, «Фауст»)

Борис Годунов (М. Мусоргский, «Борис Годунов»)

Эскамильо (Ж. Бизе, «Кармен»)

Вурм (Дж. Верди, «Луиза Миллер»)

Рамфис (Дж. Верди, «Аида»)

Филипп II (Дж. Верди, «Дон Карлос»)

Ассур (Дж. Россини, «Семирамида»)

Сырттан (А. Жұбанов және Л. Хамиди, «Абай»)