Нұржамал Үсенбаева

Қазақстан Республикасының және Татарстанның халық әртісі

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан меценаттарының тәуелсіз «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы.
Жеке концерттерімен әлемнің ең танымал залдарында өнер көрсеткен: «Carnegie Hall» (Нью-Йорк, АҚШ), «Cortot» залы (Париж, Франция), «Coliseum» театры (Лиссабон, Португалия), Ресейдің Үлкен театры (Мәскеу), Мәскеу консерваториясының, Мұса Джалиль атындағы Татарстан академиялық мемлекеттік опера және балет театрының (Қазан) Үлкен залы жӘне т.б.
Опера сахнасында қайталанбас бейнелердің көрмесін құраған: Виолетта (Дж. Верди, «Травиата»), Джильда (Дж. Верди, «Риголетто»), Мими (Дж. Пуччини, «Богема»), Лиу (Дж. Пуччини, «Турандот»), Лючия (Г. Доницетти, «Лючия ди Ламмермур»), Розина (Дж. Россини, «Севилия шаштаразы»), Графиня (В.А. Моцарт, «Фигароның үйлену тойы»), Маргарита (Ш. Гуно, «Фауст»), Микаэла (Ж. Бизе, «Кармен»), Антония (Ж. Оффенбах, «Гофман ертегілері»), Розалинда (И. Штраус, «Жарқанат»), Ажар (А. Жұбанов және Л. Хамиди, «Абай»), Сара (М. Төлебаев, «Біржан-Сара»), Гүлбаршын (Е. Рахмадиев, «Алпамыс»), Қыз Жібек (Е. Брусиловский, «Қыз Жібек») және т.б.