Марсело Альварес

тенор

Марсело Альварес біздің дәуірдің ең атақты тенорларының бірі және әлемнің үздік театрларында танылған. Еуропалық Ла Фениче театрындағы «Сомнамбула» операсымен өткен бастамасынан кейін (1995), Альварес өзінің лирикалық рөлдердегі беделін нық айтты. Олар: Вертер, Ромео, Фауст, Эдгардо («Лючия ди Ламмермур»), Альфредо («Травиата»), Герцог («Риголетто») және Рудольф («Богема») партиялары.

2005-2009 жж. Альварес келесі: Густав («Бал-маскарад»), Каварадосси («Тоска»), Манрико («Трубадур»), Хозе («Кармен»), Маурицио («Адриана Лекуврёр»), «Андре Шенье» операсындағы басты партия, Радамес («Аида») партияларын шырқады.

2011 жылы ол Парижде «Та?дыр к?ші» операсынан Дон Альваро партиясын орындады. О?ан Метрополитен Опера, Ковент-Гарден, Цюрих Операсы, Арена ди Верона, Ла Скала, Неміс Операсы, сондай-ақ Берлин, Турин, Парма, Лондон, Флоренция, Валенсия, Рим, Токио мен Цюрихте зор қошемет көрсетті. 2012 жылы әнші «Аида», «Бал-маскарад» операларын Метрополитен Опера және Ла Скала сахнасында орындады. Арена ди Верона тұрақты қонағына айналған ол, театр сахнасында өзінің репертуарындағы көпшілік рөлдерді орындады. Париж Операсының жаңа қойылымында Понкьеллидің «Джокондасынан» Энцо Гримальдо партиясын шырқады. 2013-2014 жж. маусымындағы жобалар ішінде Париж ұлттық Операсына Радамес партиясымен («Аида»), Ла Скала сахнасына Манрико ретінде («Трубадур»), содан кейін «Андре Шенье» операсының басты партиясымен Метрополитен Опера сахнасына оралуы жоспарланған.

Аргентиналық Кордова тумасы Алварес классикалық музыканы жиырма жасынан зерттей бастады және табысты бизнесмен ретінде де қалыптасты. Операны бағындырмақ болған Альварес, өзінің бизнесін сатып, 1995 жылы Аргентинадан Италияға көшіп келеді. Еуропаға келген бір ай ішінде оның күнтізбесі екі жылға дейінгі ұсыныстарға толып, осы қысқа мерзімде халықаралық табыстарға ие болды.