Лучано Ганчи

Тенор

Лучано Ганчи Римде дүниеге келді. Ол өзінің музыкалық білімін 9 жасында Puer Cantores хорында Сикстин Капелласымен бастады.

2001 жылы ол вокал бойынша оқуын жалғастырып, фортепьяно мен органда ойнай жүріп, Ренат Брусонмен бірге Римнің Argentina театрында «Северино Гаццеллони» Халықаралық фестивалінде «Фигароның үйленуі» Дона Базилио мен Дона Курцио рөлдерін орындауда өз күшін операда сынады.

2005 жылы ол тұтастай өзін опералық ән салуға арнаса, 2007 жылы Париждегі айтулы OPERALIA Пласидо Доминго Халықаралық опера байқауына қатысты. Осы жылы ол Римде Пуччинидің «Джанни Скиккиімен» алғаш өнер көрсетті. 2009 жылғы маусымда әнші Римде өткен Оттавио Цино VIII Халықаралық опера байқауында барлық үш бас жүлдені жеңіп алды (алдымен абсолюттік жүлде, сыншылар мен аудитория жүлделері) және Сульмонда Марии Каниглия XXVI Халықаралық опера байқауында мәреге жетті.

Қыркүйек айында Ганчи М. Алессандро Фабрицидің дирежерлығымен және қоюшы режиссер Энрико Стинкеллидің басқаруындағы Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» Пинкертон партиясын орындаса, артынша Asioli театрында Корреджио (Реджио Эмилия) Паваротти ІІ алтын сыйлығына арналған Опера салтанатында Хосе Каррераспен бірге ән шырқады. Дәл осы жылы ол Милан соборында М. Клаудио Симонаның дирижерлық етумен Моцарттың Коронациялық Мессасында тенор солисті ретінде қатысты. Соңғы жылдары ол Моцарт пен Вердидің «Реквиемінде» Бетховеннің «Елеон тауындағы Христосына» («Христос на горе Елеонской») қатысты.

2010 жылдан бастап Палермо, Хайфеде (Израиль) «Травиата» (Альфред Жермонның партиясын) және Прага, Злинада (Чехия) «Богема» (Рудольфо партиясын) операларын алғаш рет шырқады.

2011 жылы ол тағы да Пинкертон партиясын Politeama театрында Палермоны орындаса, артынша Миланда Руджеро Раймондимен бірге Вердидің «Ломбардтықтар» Оронта партиясын шарықтатты. Неаполда Сан Карло театрына және операдан концерттік орындаулар үшін Умбриде Музыкалық фестивальге шақырылады. Сондай-ақ Нью-Делиде (Үнді) П. Масканьидің «Сельской чести» – Туридді алғаш рет орындады.

2012 жылы Зальцбургте, Салерно және Флоренцияда «Травиаттаға» атсалысса, Триестедегі Верди театрында Масканьидің «Дос Фриц» титульді рөлін орындады. Осы жылдың қараша айында Равенна фестивалінде «Трубадурда» Манрико партиясын алғаш рет сәтті орындады. 2013 жылдың қаңтарында әнші Вердидің «Корсарда» Коррадо партиясын (Триестағы Верди театрында) алғаш рет үлкен табыспен орындап шықты. Осыдан кейін ол Анконда (Театро delle Muse) Пинкертонды және Удинде Вердидің «Реквиемін» шырқады.

Оның шығармашылық жоспарында болашақта Будапеште «Корсарды» орындау болса, Пекинде NCPA «Набукко», Афина мен Канадада, Италия мен басқа да шетелдерде көптеген концерттер қоймақ.