Клаудио Сгура

Баритон

К. Сгура ән салуды 1997 жылы Лечче қаласында Мария Мэззотта жетекшілігімен үйрене бастаған.

2005 жылы Витербодағы халықаралық опера байқауында бірінші орын алса, 2006 жылы Буссетодағы «Voci Verdiane» халықаралық байқауында екінші орынға иелік еткен. 2001 жылы опера әншісі ретінде Лечче қаласында Paisiello театрының сахнасында Дж. Вердидің «Травиатасында» алғаш рет, ал, 2004 жылы Испанияда Ж. Бизенің «Карменіндегі» Эскамильо партиясын орындап, 22 қалада өнер көрсеткен.

2007 жылы ақпан айында әнші «Мадам Баттерфляйдағы» Шарплесс рөлінде алғаш рет, дирижер М. Мюн-Вун Чанг пен режиссер Кеита Асари жетекшілігімен, Миландық Ла Скалада өнер көрсетті.

Артуро Тосканини қорымен бірлесе жұмыс жасау кезінде ол Джорджио Альбертаццидің жетекшілік етуімен С. Либеровичидің заманауи «ТИТАНИА ЛА РОССЕ» операсында шырқады. Сол жылдың сәуір айында ол Пьяченцо Муниципалдық театрында дирижер М. Хумбург пен режиссер Пьер Луиджи Пицци жетекшілігімен Вердидің «Аттиласындағы» Эцио рөлінде алғаш рет өнер көрсетеді.

2007 жылғы шілде айында Артуро Тосканини қорымен бірге Виголено мен Савонада, дирижер М. Стефанелли мен режиссер Э. Курираның жетекшілік етуімен, Вердидің «Трубадурындағы» граф ди Луна партиясында алғаш өнер көрсетеді. Осы жылдың желтоқсан айында Кремонадағы А. Пончилли Муниципалдық театрымен, Брешиядағы үлкен, сонымен бірге Комодағы “Театро Социале Театро Социале мен және Павиядағы Фраскини театрларымен бірігіп «Макбет» операсына алғаш қатысады.

2008 жылы қыркүйек айында Лондон қаласында Корольдік Опера театрында, дирижер Антонио Паппано жетекшілігімен «Батыстық қыз» («Девушка с Запада») операсындағы Джек Ранс партиясында алғаш өнер көрсетсе, 2009 жылы маусымында әнші Мачерата қаласында «Травиата» мен «Мадам Баттерфляй» Парма қаласында «Екі Фоскари» және Триест қаласында «Трубадур» операларында басты партияларды орындайды.

Жақында ол Токиода Пласидо Доминго жетекшілігімен «Аиданы» шырқады. Оның тағы да қатысқан қойылымдары: Генуя, Неаполь, Савонлинн және Палм-Бичте «Тоска», Лимада «Фаворитка», Мачератада «Аттила», Ла-Корунья фестивалінде «Отелло», Пармада «Трубадур», Севильяда «Богема», Триестта «Самсон мен Далил», Венецияда «Лючия ди Ламмермур» және «Травиата», Таорминде «Аида» мен Ослода «Макбет».

Болашақ маусымдарда оның келесі операларға қатысуы жоспарланған: Мюнхенде «Отелло», Римдегі Teatro dell’Opera’да «Тоска», Бильбаода «Жанна Д’Арк», Париждік ұлттық операда «Батыстық қыз».