Ильдар Абдразаков

Бас Башқұртстан Республикасының және Татарстан Республикасының халық әртісі

«Неге маэстро Мути Ильдар Абдразаковпен мақтана алатынын, оның орасан зор Аттиламен байланысты екендігін оңай түсінуге болады… Әншіде өзін әдемі басқара алатын күшті, «Қоңыр» және бай дауысы бар. Әсіресе, вердилік тазалығы мен ән салу айқындылығы оны ерекше толқытатын».
The New York Times

Ильдар Абдразаков – қазіргі заманғы сұранысқа ие ең үздік опералық бас дауысының бірегейі. Ол 1976 жылы Уфа (Ресей) қаласында дүниеге келді. Музыкалық білімін Уфадағы Мемлекеттік өнер институтында (профессор М.Г. Муртазинаның сыныбында) алып шықты. 1990 жылы әнші бірнеше вокалдық байқаулардың лауреаты болды: Ирина Архипова атындағы «Мәскеудің үлкен сыйлығы», сондай-ақ М.И. Глинки атындағы халықаралық вокалшылар байқаулары,  Н.А. Римский-Корсаков және Елена Образцова атындағы халықаралық байқаулар.

2000 жылы Пармда өткен  Марии Каллас атындағы халықаралық байқауындағы жеңісі оны әлемдік деңгейге жеткізді. Осы жылы Мариинский театрының труппасына қабылданды.

2001 жылы 25 жасында ол Ла Скала сахнасында алғаш рет шықты, одан әрі Метрополитен-опера, Ковент-Гарден, Карнеги-холл және Венск Мемлекеттік операсында әлемнің жетекші опералары мен концерттік алаңдарында өнер көрсетті.

Әнші Ресейдің, Еуропа, Жапон, АҚШ елдерінде жеке концерттермен; түрлі фестивалдерге, соның ішінде «Ақ түндер жұлдыздары» (Санкт-Петербург, Ресей), Россини фестивалі (Пезаро, Италия), Кольмарада Владимир Спиваковтың фестивалі (Франция), Пармда (Италия) Верди фестивалі, Ла Коруньяда (Испания) Зальцбургск және Моцарттың фестивальдері.
Әйгілі дирижерлар ішінде ол – Риккардо Мути, Валерий Гергиев, Джеймс Ливайн, Джанандреа Нозеда, Бертран де Бийи, Риккардо Фрица, Риккардо Шайи және Антонио Паппано сияқты тағы басқалармен ынтымақтастықта болды.

2011 жылы Лос-Анжелесте И. Абдразаков Дж. Вердидің «Реквием» жазбасы үшін «Грэмми» сыйлығын алды. 2012 жылы «Оскар де ла лирика» («Oscar della lirica») Халықаралық опера байқауында жеңімпаз болып, әлемнің ең үздік басы аталды (2012), сондай-ақ «Аттила» операсында орындалған бас партиясы үшін жүлдеге ие болды. Үншінің жарқын шығармашылық өмірбаянында баян етілгендей, ол Аттила рөлін орындауды жастық шағынан армандаса керек.

Дж. Вердидің 200 жылдығын мерекелеуде Ильдар Абдразаков Риккардо Мутимен бірге Чикаго симфониялық оркестрімен сазгердің Реквиемін орындады.