Ахмед Агади

Ресейдің Еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның халық әртісі

Мариин театрының жеке орындаушысы. Оңтүстік Қазақстан облысында туылған, 1993 жылы П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. М.И. Глинка атындағы Бүкілресейлік вокалисттер байқауының дипломанты (1993), 1998 жылы Қазан қ. Федор Шаляпин атындағы халықаралық опера фестивалінде Үздік әнші атанған. Баден-Бадендегі опера фестивалінде В. Гергиев жетекшілігімен Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсындағы Пинкертон және Дж. Пуччинидің «Богема» операсындағы Рудольф партияларын орындаған.
Репертуары: Альфред (Дж. Верди, «Травиата»), Герцог (Дж. Верди, «Риголетто»), Дон Карлос (Дж. Верди, «Дон Карлос»), Радамес (Дж. Верди, «Аида»), Дон Оттавио (В.А. Моцарт, «Дон Жуан»), Калаф (Дж. Пуччини, «Турандот»), Хозе (Ж. Бизе, «Кармен»),Біржан (М. Төлебаев, «Біржан-Сара»).
Ахмед Агади көптеген танымал опера сахналарында өнер көрсетуде. Ол Ресейдің үлкен театрының, Амстердам операсының, Дат Корольдік операсының, Будапешт операсының, Страсбург операсының, Буэнос-Айрестағы Колон театрының қойылымдарына қатысқан.