Анна Маркарова

Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі

Анна Маркарова – сирек кездесетін ерекше диапазонды дауыс иесі: ол меццо-сопрано репертуарымен бірге лирикалық-драмалық сопрано партияларын орындайды.

Анна Маркарова Дондағы Ростовта дүниеге келіп, С.В. Рахманинов атындағы Ростов Мемлекеттік Консерваториясыныңпрофессор М.Н. Худовердова сыныбы бойынша тәмамдап шықты. Штутгарск академиясында профессор Ингеборг Вамзерде (Германия) сынақ мерзімінен өтті.

2010 жылдан бастап Мариинск театрының опера труппасының солисті, Ресей және шетелдердің театр труппасы құрамында гастролдік сапарға шығып, Манчестер мен Бирмингемнің Симфони-Холлында және Лондонда Альберт-холл, Париждің Шатле театры мен басқа да елдерде өнер көрсетіп келеді.

Пасхалдық және музыкалық фестивалдерінің «Ақ түндер жұлдыздарына», сонымен бірге 2011-2012 жылдардың маусым айында Мариинск театрымен бірге А. Маркарова Миккели фестивалі (Финляндия) мен Роттердамда (Нидерланды) В. Гергиевтің фестиваліне қатысады.

2002 жылы Анна Маркарова ХVIII Valsessia Musica (Варалло, Италия) Ххалықаралық байқауында «Масканьи ариясының ең үздік орындаушысы» арнайы жүлдесінің жеңімпазы болып табылса, 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен Н.А. Римский-Корсаков атындағы жас опера әншілерінің VII халықаралық байқауында «Н.А. Римский-Корсаков шығармаларының ең үздік орындаушысы» арнайы жүлдесін иеленіп, I сыйлығының лауреаты атанады. Сондай-ақ 2007 жылы Елена Образцова атындағы VI халықаралық байқауының (Санкт-Петербург) және Мәскеуде ұйымдастырылған Ф. Шуберт атындағы Бүкіләлемдік вокалшылар байқауы І сыйлығының лауреаты атанады.

Опералық репертуарында әнші келесі: Принцесса Клерис (С. Прокофьевтің «Үш апельсинге махаббат»,), Р. Щедрин операсында: Коробочка («Өлі жандар», концерттік орындау), Груша сығаны – «Таңқалдырушы кезбе» («Очарованный странник»); Розина (Дж. Россинидің «Севилия шаштаразы»), Чио-Чио-сан (Дж. Пуччинидің Баттерфляй ханымы»), Примадонна/Ариадна (Р. Штраустың «Наксостағы Ариадна»), Дж. Вердидің операларында: Одабелла («Аттила»), Сопрано (Дж. Вердидің Реквиемін сахналау), Элизавета Валуа («Дон Карлос»), Аида («Аида») және тағы басқа партияларды шырқады.

Әншінің концерттік репертуарында: Дж. Вердидің Реквиеміндегі, Л. Бетховеннің №9 және Г. Малердің №8 симфонияларындағы, Дж. Россинидің және К. Орфтың«Кармина Бурана» кантатасындағы сопрано партиялары қамтылады.

2010 жылдың желтоқсанында Ильдар Абдразаковпен бірге Mariinsky лейблі үшін (дирижері Валерий Гергиев) Дж. Вердиді? «Аттила» операсы жазбасына қатысты.