Рүстем Сейітбеков

тәлімгер ұстаз

Ташкентте дүниеге келген. 2000 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітіргеннен соң, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрына солист ретінде қабылданды.

2007 жылы Ла Скала театрында машықтанудан өтіп, біліктілігін арттырды (Милан, Италия).

2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ солисті, 2014 жылдан – тәлімгер ұстазы, солисті.

2014 жылы Челябинск мемлекеттік педагогикалық университетін «Халықтың көркемөнер шығармашылығы» мамандығы бойынша бітіріп, «Хореографиялық ұжымның көркемдік жетекшісі, оқытушы» біліктілігіне ие болды.

Келесі балеттерде басты партиялар орындаған: «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» (П.Чайковский), «Бақшасарай бұрқағы» (Б.Асафьев), «Кармен-сюита» (Ж.Бизе–Р.Щедрин), «Жизель» мен «Корсар» (А.Адан), «Вальпургия түні» (Ш.Гуно), «Пайдасыз сақтық» (П.Гертель), «Сильфида» (Х.Левенсхольд), «Эсмеральда» (Ц.Пуни), Б.Эйфман қойылымындағы «Роден», «Ромео мен Джульетта» (С.Прокофьев), «Париж Құдай анасының соборы» (М.Жарр), Р.Пети қойылымындағы «Кармен» номері (Ж.Бизе); сондай-ақ «Алкисса» (Р.Салаватов), «Дон Кихот», «Баядерка» (Л.Минкус), «Коппелия» (Л.Делиб), «Карнавал» (Р.Шуман) балеттеріндегі партиялар және т.б.

Марапаттары мен жетістіктері:

«Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Көрермен көзайымы сыйлығының иегері (Астана, 2002);

«Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты (Астана, 2004, 2009);

«Бәйтерек» Халықаралық байқауының дипломанты (Астана, 2009);

Рим Папасы Иоанн Павел II-нің Астанаға 2001 жылы келуіне байланысты қазақстандық жастармен кездесуіне қатысушысының естелік алқасы;

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012).