Константин Заклинский

тәлімгер ұстаз Ресейдің еңбек сіңірген әртісі

1955 жылдың 28 мамыры Ленинград қаласында дүниеге келген. 1974 жылы А.Я.Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесін тамамдады. 1974 жылдан – С.М.Киров атындағы (Мариин театры) академиялық опера және балет театрының солисі. Осы жерде орындаған басты партиялары: Зигфрид («Аққу көлі»), Дезире; Көкқұс («Ұйқыдағы ару»), Альберт («Жизель»), Солор («Баядерка»), Спартак («Спартак»), Феб («Париж Құдай анасының соборы») және т.б. Әлем балетінің ең әйгілі хореографтары К.Сергеев, Р.Якобсон, Р.Пети, Дж.Робинс, М.Бежармен бірге еңбек еткен.

Шетелде гастрольдік сапармен көп болған. А.Ваганова атындағы училищеде (Орыс балеті академиясы) дуэт-классикалық биден сабақ берген. Мариин театрының тәлімгер балетмейстері.

2015 жылдан бастап – «Астана Опера» МОБТ тәлімгер ұстазы. Л.Минкустың «Баядерка», «Дон Кихот» балеттері, «Пахита» балетінен гран-па, сондай-ақ жаңа редакциядағы П.Чайковскийдің «Аққу көлі», А.Аданның «Корсар» балеттерінің қойылымдарына қатысты.

Қазақстан балет өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды (2018).

Жетістіктері мен марапаттары:

Мәскеу (1981), Токиодағы (1984) халықаралық балет байқауларының лауреаты;

РФ еңбек сіңірген әртісі (1983);

Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1983).