Ғалия Бегалина

тәлімгер ұстаз

Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. 2000 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін үздік бағаға бітірді (Т.З.Мальбекова сыныбы).

1997–2000 жж. – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының труппасында тәлімгер.

2000 жылдан бастап – К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының балет солисті. Бірінші театр маусымында «Аққу көлі» балетінде Одетта-Одиллия партиясын орындады.

Ж.Бизе–Р.Щедриннің «Кармен-сюита», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», П.Чайковскийдің «Щелкунчик», А.Аданның «Жизель», П.Гертельдің «Пайдасыз сақтық» балеттерінде басты партияларды орындады.

Сондай-ақ, Л.Минкустың «Дон Кихот» пен «Баядерка», Л.Делибтің «Коппелия», А.Аданның «Корсар» балеттері, А.Бородиннің «Князь Игорь» операсынан «Қыпшақ биі», «Шопениана» қойылымдарына қатысты.

2006 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша бітірді.

2013 жылдан бастап – «Астана Опера» МОБТ балет труппасының солисті, тәлімгер ұстазы.

Ю.Григорович, Р.Бапов, С.Көшербаева, С.Вихарев, О.Рачковский, Э.Мальбеков, З.Райбаев, Ш.Терегулов, Р.Байсейітова, М.Қадырова, Т.Нұрқалиев, Г.Бөрібаева сынды хореография өнерінің белгілі өкілдерімен бірге жұмыс істеді.

«Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты (Астана, 2001).