Елена Шерстнева

(Русский) педагог-репетитор

Елена Шерстнева Ленинград қаласында дүниеге келген. 1975 А.Я.Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесін тәмадады (қазіргі Орыс балеті академиясы).

1975–2002 жылдар аралығында – С.М.Киров атындағы академиялық опера және балет театрының солисті (Мариин театры).

1985 жылы Жоғары кәсіподақтық мәдениет мектебін «Хореограф-балетмейстер» мамандығы бойынша бітірді.

1999 жылдан бастап 2016 жыл аралығында – Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясының классикалық мұра, сипатты билер, актерлік шеберлік курстарының оқытушысы болды.

2000–2013 жылдар аралығында – А.Я.Ваганова атындағы Орыс балеті академиясының сипатты билер оқытушысы.

2000–2005 жылдарда – Л.Якобсон атындағы «Хореографиялық миниатюралар» театрындағы балет труппасының меңгерушісі.

2015 жылдан бастап «Астана Опера» МОБТ тәлімгер ұстазы. Л.Минкустың «Баядерка», «Дон Кихот» балеттері, «Пахита» балетінен гран-па қойылымдарына қатысты.

Жапония, Корея, Қытай, Италия, Америка, Норвегия, Латвия, Хорватияда шеберлік сабақтарын өткізген.

Репертуары:

Керей ханның екінші әйелі, Краковяк, Зарема (Б. Асафьев, «Бақшасарай бұрқағы»)

Үнді биі (Л. Минкус, «Баядерка»)

Мерседес, Дала бишісі, Сыған биі, Фанданго (Л. Минкус, «Дон Кихот»)

Сапаршы (А. Чайковский, «Броненосец «Потемкин»)

Шура Азарованың жиені (Т. Хренников, «Гусар балладасы»)

Мирта (А. Адан, «Жизель»)

Испан ханшайымы, шығыс ханшайымы (С. Прокофьев, «Золушка»)

Мазурка, Краковяк (М. Глинка, «Иван Сусанин»)

Жас сыған қызы (С. Прокофьев, «Тас гүл»)

Тұтқын әйел (А. Бородин, «Князь Игорь»)

Форбан, палестиналық, алжир билері (А. Адан, «Корсар»)

Испан биі, мазурка, Иелік етуші ханшайым (П.Чайковский, «Аққу көлі»)

Сарай маңындағы биші (А. Меликов, «Махаббат туралы аңыз»)

Орыс биі (Р. Глиэр, «Мыс салт атты»)

Тарантелла (А. Бурнонвиль, «Неаполь»)

Жас жігіттің анасы (И. Стравинский, «Поцелуй феи»)

Панадерос, мазурка (А. Глазунов, «Раймонда»)

Анна Андреевна (А. Чайковский, «Ревизор»)

Трактир қызметшісі, сеньора Капулетти (С. Прокофьев, «Ромео мен Джульетта»)

Лезгинка, шығыс биі (М. Глинка, «Руслан мен Людмила»)

Анна, Мед (Х. Левенсхольд, «Сильфида»)

Фея Карабос (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»)

Парсы аруы (М. Мусоргский, «Хованщина»)

Испан биі (П. Чайковский, «Щелкунчик») және т.б.

Фильмография:

«Фуэте» (Балет әртісі. Көркем фильм, режиссёрлері В.Васильев, Б.Ермолаев)

«Чаплиниана» (телефильм, режиссёр А.Белинский)

Фильм-балеттер:

«Дон Кихот» (Мерседес)

«Корсар» (Форбан)

«Тас гүл» (Жас сыған қызы)

«Ұйқыдағы ару» (Фея Карабос)

«Щелкунчик» (Испан биі)

Фильм-опера «Хованщина» (Парсы аруы)