Дамира Зайнуллина

тәлімгер ұстаз

Алматы қаласында, балет әртістері отбасында дүниеге келген. 1987 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітіргеннен кейін, Абай атындағы МАОБТ балет әртісі болып қызметке тұрды. Уақыт өте келе театрдың барлық балет репертуарын игеріп, балет солисті ретінде негізгі жеке партияларды орындап шықты: Мерседес («Дон Кихот»), Үлкен аққулар вариациясы, испан биі, Патшайым («Аққу көлі»), балерина («Серенада»), шығыс биі («Ақсақ құлан»), испан қуыршағы («Щелкунчик»), екінші әйел («Бақшасарай бұрқағы»). «Абай», «Біржан – Сара», «Ер Тарғын» және тағы басқа опералық қойылымдарда қазақ ұлттық билерін жеке орындады.

1987 жылдан бастап театрдағы жұмысымен қатар, А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесіне оқытушылық қызметке орналасты.

1998 ж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Хореографиялық пәндердің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

2004 жылдан – К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында балет әртісі әрі балет труппасының тәлімгер ұстазы қызметін атқарып, әртістерді жауапты қойылымдар мен концерттердегі билеріне дайындады.

2013 жылдан – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасында тәлімгер ұстаз.

Марапаттары:

ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы.

«Астана Опера» МОБТ Құрмет грамотасы.