Таир Гатауов

Балет жетекші солисті. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Орал қаласында дүниеге келді. А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін (2003) және М. Өтемісов атындағы БҚМУ «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша үздік бітірді (2007). 2003-2013 жж. – К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисті. 2007 жылы Ла Скала театрында тағылымдамадан өтті (Милан). 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ балетінің жетекші солисті.

 

МАРАПАТТАРЫ:

​ Сібір хореографиялық училищелері Халықаралық байқауының дипломанты (Новосібір, 2002);

​ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің І сыйлық лауреаты (2006, 2009);

​ «Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Астана, 2009);

​ Юрий Григоровичтің «Молодой балет мира» Халықаралық байқауының дипломанты (Сочи, 2012);

​ Будапешттегі Рудольф Нуреев атындағы балет әртістері Халықаралық байқауының дипломанты (Венгрия, 2012);

​ Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері (2012);

​ Варнадағы Халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (Болгария, 2013).

 

РЕПЕРТУАРЫ:

Вацлав (Б. Асафьев, «Бақшасарай бұрқағы»)

Зигфрид (П. Чайковский, «Аққу көлі»)

Щелкунчик-ханзада (П. Чайковский, «Щелкунчик»)

Солор (Л. Минкус, «Баядерка»)

Базиль (Л. Минкус, «Дон Кихот»)

Дезире (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»)

Ромео (С. Прокофьев, «Ромео мен Джульетта»)

Нарша (Ғ. Жұбанова, «Қарагөз»)

Красс (А. Хачатурян, «Спартак»)