Олжас Тарланов

Жетекші солист

А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін тәмамдады (ұстаздары – Г.А.Әшімова, С.Ж.Қосманов, 2007), кейін HBS балет академиясына біліктілігін көтеру үшін шақырылған (Мюнхен, Германия).

2009 жылы аталған академияны табысты аяқтап, Бавария ұлттық театрында тәлімгер ретінде шарт жасасып, бір жылдан кейін балет труппасының негізгі құрамына қабылданды.

Түрлі халықаралық мәдени бағдарламалар аясында күллі әлем бойынша гастрольдерге қатысқан.

2016 жылдан бастап – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Балет труппасының солисті, 2017 жылдан – жетекші солисті атанды.

МАРАПАТТАРЫ:

Ю.Григоровичтің «Әлемнің жас балеті» I халықаралық байқауының III сыйлық лауреаты (Сочи, 2006);

С.Лифарь атындағы VI халықаралық байқауының III сыйлық лауреаты (Киев, 2006);

Сібір хореографиялық учелищелері арасындағы V халықаралық ашық байқауының III сыйлық лауреаты, «Классикалық биді орындау тазалығы үшін» дипломының иегері (Новосибирск, 2002);

«Бәйтерек» I халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты, «Үкілі үміт» арнайы жүлдесінің иегері (Астана, 2006);

«Серпер» жастар сыйлығы (Алматы, 2006);

«Алтын Адам – Жыл адамы» фестиваль-байқауы ұйымдастыру комитетінің «2006 жыл дебюті» номинациясы бойынша арнайы жүлдесі (Алматы, 2006).

РЕПЕРТУАРЫ:

Солист (Л.Минкус пен Э.Дельдевездің «Пахита» балетінен Гран-па)

Зигфрид («Аққу көлі», П.Чайковский)

Феб («Париж Құдай анасының соборы», М.Жарр)

Танымал қазіргі заманғы хореографтардың қойылымдарына қатысқан, оларК.Голейзовский («Мелодия», А.Асылмұратова қойылымы), Дж.Ноймайер («Камелия ұстаған ханым», «Аққу көлі» сияқты елес», «Жазғы түндегі түс», «Щелкунчик»), Дж.Крэнко («Онегин», «Ромео менДжульетта», «Укрощение строптивой»), И.Килиан («Жыл құстары», «Нуаж» па-де-десі), У.Форсайт («Артефакт»), Ф.Аштон мен М.Роману («Нәтижесіз сақтық»), Р.Малифант пен М.Рихтер («Поворот по спирали») және т.б.