Мадина Басбаева

Балеттің жетекші солисті.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін тамамдады. 2003–2013 жылдары К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі болды. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ балетінің жетекші солисі. Бордо Ұлттық операсының шақырылған солисі (Франция). Тәлімгер-ұстазы – Ресейдің Халық әртісі А.Асылмұратова.

Марапаттары:

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің І сыйлық лауреаты (Астана, 2006, 2009);

«Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Астана, 2006);

«Рим премиясы» халықаралық балет әртістері байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Италия, 2007);

«Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының Гран-при иегері (Астана, 2009);

Мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендия иегері (2012, 2016);

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты (2017);

«Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығының «Үздік балет әртісі» номинациясы бойынша лауреаты;

«Құрмет» орденінің кавалері (2018).

Репертуары:

Мария («Бақшасарай бұрқағы», Б.Асафьев)

Одетта-Одиллия («Аққу көлі», П.Чайковский)

Мари («Щелкунчик», П.Чайковский)

Никия («Баядерка», Л.Минкус)

Китри («Дон Кихот», Л.Минкус)

Аврора («Ұйқыдағы ару», П.Чайковский)

Джульетта («Ромео мен Джульетта», С.Прокофьев)

Фригия («Спартак», А.Хачатурян)

Эсмеральда («Париж Құдай анасының соборы», М.Жарр)

Манон («Манон», Ж.Массне музыкасына)

Медора («Корсар», А.Адан)