Еркін Рахметоллаев

Жетекші балет солисті

ОҚО, Сарыағаш қаласында дүниеге келген. 2011 жылы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін тәмамдады. 2012-2013 жж. – Константин Тачкин жеке труппасында корифей болды. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ балет солисі.

 

МАРАПАТТАУЛАРЫ:

 

– VII Сібір хореографиялық училищелері Халықаралық байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Новосибирск, 2008);

– «Өрлеу» халықаралық балет әртістері байқауының II сыйлық лауреаты (2008);

– «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері (Астана, 2014);

– «Гран-при Сибири» Халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Красноярск, 2014);

– Бейжіңдегі V Халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (2014).

 

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:

  • Зигфрид, Сайқымазақ, Pas de trois (П. Чайковский, «Аққу көлі»)
  • Альберт (А. Адан, «Жизель»)
  • Алтын Патша, Магдавея (Л. Минкус, «Баядерка»)
  • Ромео, Парис (С. Прокофьев, «Ромео мен Джульетта»)
  • Дезире, Pas de deux (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»)
  • Вацлав (Б. Асафьев, «Бақшасарай бұрқағы»)