Бақтияр Адамжан

Жетекші солист,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018).

Алматы облысының Сарыөзек қаласында дүниеге келген. А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітірді (2003-2011). 2011-2013 жылдар аралығында Абай атындағы МАОБТ балет солисті болды. 2013 жылдан «Астана Опера» МОБТ балетінің солисті, ал 2015 жылдан жетекші солисті атанды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Марапаттары:

VII Сібір балет әртістері халықаралық байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Новосибирск, 2008);

KIBC халықаралық байқауының дипломанты (Оңтүстік Корея, 2009);

«Өрлеу» балет әртістері халықаралық байқауының І сыйлық лауреаты (2010);

ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев стипендиясының иегері (2010-2011);

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің І сыйлық лауреаты (2012);

«Гран-при Сибири» балет әртістері халықаралық байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Красноярск, 2014);

Ыстамбұлдағы V балет әртістері халықаралық байқауының Гран-при иегері (Түркия, 2016 жылдың 8 шілдесі);

Сеулдегі XIII халықаралық би байқауының І сыйлық лауреаты (Оңтүстік Корея, 2016 жылдың 10 тамызы);

Астанадағы ІІІ балет әртістері халықаралық байқауының Гран-при иегері (2016 жылдың 16 қыркүйегі);

VKIBC Халықаралық балет әртістері байқауының Гран-при иегері (Нью-Йорк, АҚШ, 2017);

Мәскеудегі XIII Халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының І сыйлық лауреаты (Ресей, 2017).

Репертуары:

Спартак («Спартак», А. Хачатурян)

Бенволио («Ромео мен Джульетта», С. Прокофьев)

Сайқымазақ («Аққу көлі», П. Чайковский)

Сырым («Қарагөз», Ғ. Жұбанова)

Щелкунчик-ханзада («Щелкунчик», П. Чайковский)

Нұралы («Бақшасарай бұрқағы», Б. Асафьев)

Солор («Баядерка», Л. Минкус)

Квазимодо («Париж Құдай анасының соборы», М. Жарр)

Базиль («Дон Кихот», Л. Минкус)

Леско («Манон», Ж. Массне музыкасына)

Ланкедем, Құл Али («Корсар», А. Адан)