Әнел Рүстемова

Балет жетекші солисті,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018).

Алматы қаласында дүниеге келді. 2006 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін тамамдады (ұстазы – М.Қадырова). 2006 жылы А.Ваганова атындағы Орыс балеті академиясында біліктілік арттыру курсынан өтті (Санкт-Петербор). 2007-2008 жылдар аралығында – Абай атындағы МАОБТ балет әртісі. 2010-2013 жж. – К.Байсейітова атындағы ҰОБТ жетекші солисі. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ балет солисі, ал 2014 жылдан – жетекші солист болып табылады. Тәлімгер ұстазы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғ.И.Бөрібаева.

МАРАПАТТАРЫ:

– Сібір хореографиялық училищелері Халықаралық байқауының ІІ сыйлық лауреаты, «За верность классическим традициям» Құрмет дипломы (Новосібір, 2002);

– «Фуэте Артека» Халықаралық классикалық би байқауының Гран-при иегері (2002);

– «Лозанна жүлдесі» Халықаралық жас балет әртістері байқауының лауреаты (Швейцария, 2004);

– VI Сібір хореографиялық училищелері Халықаралық байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Новосібір, 2005);

– X Мәскеу халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының дипломанты (Үлкен театр, 2005).

РЕПЕРТУАРЫ:

Одетта-Одиллия (П.Чайковский, «Аққу көлі»)

Мари (П.Чайковский, «Щелкунчик»)

Көлеңкелер триосы, Pas d’action, Никия (3-бөлім) (Л.Минкус, «Баядерка»)

Диана мен Актеонның Pas de deux-сі (Ц.Пуни, «Эсмеральда»)

Мамыргүл перісі (П.Чайковский, «Ұйқыдағы ару»)

Роза (Б.Эйфман, «Роден»)

Қарагөз (Ғ.Жұбанова, «Қарагөз»)

Фригия (А.Хачатурян, «Спартак»)

Медора (А.Адан, «Корсар»)

Зарема (Б.Асафьев, «Бақшасарай бұрқағы»)

Лесконың көңілдесі («Манон», Ж.Массне музыкасына)