Әйгерім Бекетаева

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Балет жетекші солисті

Талдықорған қаласында дүниеге келген. А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің түлегі (2010). 2010–2013 жылдар аралығында К. Байсейітова атындағы ҰОБТ жетекші солисті болды. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ балетінің жетекші солисті. 2015 жылы Челябинск мемлекеттік педагогикалық университетін «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша тәмамдады (Ресей). Б. Эйфманның Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театрының шақырылған солисті.

 

Марапаттары:

​ «Өрлеу» I Халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (2008);

​ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері (Астана, 2012);

​ Юрий Григоровичтің «Молодой балет мира» Халықаралық байқауының дипломанты (Сочи, 2012);

​ Варнадағы Халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Болгария, 2012);

​ Рудольф Нуреев атындағы Халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Будепешт, 2013);

​ XII Мәскеу халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының дипломанты (Үлкен театр, 2013);

​ «Гран-при Сибири» Халықаралық балет әртістері байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Красноярск, 2014);

​ ҚР тұңғыш Президентінің мәдениет және өнер саласындағы Қоры сыйлығының лауреаты (2014).

 

Репертуары:

Аврора («Ұйқыдағы ару», П. Чайковский)

Камилла («Роден», Б. Эйфман)

Джульетта («Ромео мен Джульетта», С. Прокофьев)

Одетта-Одиллия («Аққу көлі», П. Чайковский)

Эгина («Спартак», А. Хачатурян)

Мари («Щелкунчик», П. Чайковский)

Зарема («Бақшасарай бұрқағы», Б. Асафьев)

Гамзатти, Никия («Баядерка», Л. Минкус)

Эсмеральда («Париж Құдай анасының соборы», М. Жарр)

Аққу («Ажал алдындағы аққу», К. Сен-Санс)

Китри («Дон Кихот», Л. Минкус)

Медора («Корсар», А. Адан)

Солист («Пахита», Л. Минкус пен Э. Дельдевез)

Сильфида («Сильфида», Х. Левенсхольд)

Флер де Лиз («Эсмеральда», Ц. Пуни)