Серік Нақысбеков

Солист

Алматы облысы, Сарқант қаласында дүниеге келді. 2011 жылы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін тәмамдады (ұстазы А.Г. Бүркітбаев). 2011-2012 жж. аралығында А.Я. Ваганова атындағы орыс балет Академиясында біліктілігін арттырды. 2012-2013 жылдарда Абай атындағы МАОБТ-да еңбек еткен. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ балет труппасының солисі.

МАРАПАТТАУЛАРЫ:

– «Фуэте Артека» VII халықаралық классикалық би байқауының II сыйлық лауреаты (2007);

– VII Сібір хореографиялық училищелері Халықаралық байқауының дипломанты (Новосибирск, 2008);

– «Өрлеу» халықаралық балет әртістері байқауының III сыйлық лауреаты (2008);

– «Өрлеу» халықаралық балет әртістері байқауының I сыйлық лауреаты (2010);

– «KIBC» халықаралық байқауының дипломанты (Оңтүстік Корея, 2011);

– «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ІІ сыйлық лауреаты (2014).

 

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:

  • Pas de deux (Р. Дриго, «Арлекинада»)
  • Pas de deux (Н. Дуато, «Мадригал»)
  • Щелкунчик-ханзада, Арлекин, Қытай биі (П. Чайковский, «Щелкунчик»)
  • Pas de deux (Л. Минкус, «Дон Кихот»)
  • Pas de trois (П. Чайковский, «Аққу көлі»)
  • Гопак (В. Соловьев-Седой, «Тарас Бульба» операсынан)
  • Меркуцио (С. Прокофьев, «Ромео мен Джульетта»)
  • Гладиатор, Бақташылар үштігі (А. Хачатурян, «Спартак»)