Әсел Құсайынова

Балет солисті

Алматыда дүниеге келді. 2000 жылы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін, 2006 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша бітірді.

2000 жылдан – К. Байсейітова атындағы ҰОБТ балет солисі, 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ солисі.

 МАРАПАТТАУЛАРЫ:

– «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ІІ сыйлық лауреаты (2001);

– «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ІІІ сыйлық лауреаты (2009);

– «Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (2009).

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:

  • Китри, құрбы, кіші Амур (Л. Минкус, «Дон Кихот»)
  • Pas de trois, Кішкентай аққулар биі (П. Чайковский, «Аққу көлі»)
  • Pas d’esclave (А. Адан, «Корсар»)
  • Көлеңкелер триосы (Л. Минкус, «Баядерка»)
  • Шапшаңдық перісі, Көкқұс (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»)
  • Розалина құрбысы (С. Прокофьев, «Ромео мен Джульетта»)
  • Бақташы қыз (А. Хачатурян, «Спартак»)
  • Қарагөз құрбысы (Ғ. Жұбанова, «Қарагөз»)
  • Француз биі (П. Чайковский, «Щелкунчик»)