Арман Оразов

Балет солисті

Павлодар қаласында дүниеге келген. 2010 жылы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітірген (ұстаздары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Г.Әшімова және С.Қосманов). 2011-2013 жылдары К.Байсейітова атындағы ҰОБТ жұмыс жасаған. 2013 жылдан бастап – «Астана Опера» МОБТ балет солисі.

 

Марапаттары:

​ «Өрлеу» І халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (2008);

​ «Шабыт» ХIV халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты (Астана, 2009);

​ «Би Олимпі» VII халықаралық байқауының дипломанты (Берлин, 2009);

​ «Өрлеу» II халықаралық балет әртістері байқауының Гран-при иегері (2010);

​ «Шабыт» ХV халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің II сыйлық лауреаты (Астана, 2012);

​ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік дуэті» үшін диплом иегері (2014);

​ 2016 жылғы Азия Би олимпиадасының І сыйлық лауреаты (Астана).

 

Репертуары:

Жат жерлік күйеу жігіт («Ұйқыдағы ару», П. Чайковский)

Меркуцио («Ромео мен Джульетта», С. Прокофьев)

Сайқымазақ, Ротбарт, Pas de trois («Аққу көлі», П. Чайковский)

Красс («Спартак», А. Хачатурян)

Сырым («Қарагөз», Ғ. Жұбанова)

Қытай биі («Щелкунчик», П. Чайковский)

Нұралы («Бақшасарай бұрқағы», Б. Асафьев)

Фролло, Феб («Париж Құдай Анасының соборы», М. Жарр)

Базиль («Дон Кихот», Л. Минкус)

Леско («Манон», Ж. Массне музыкасы)