Ғалым Ахмедьяров

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Ахмедьяров Ғалым Алғиұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2004), әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссия мүшесі (21.02.2018ж. бастап).

Ғ.А.Ахмедьяров 1973 жылы Алматыда туған. К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектебінде білім алған (1980-1991 жылдар аралығы).

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1995), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасын «Музыкалық өнер» мамандығы бойынша тамамдады (2001).

1995-1997 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті.

1998-2007 жылдары ҚР Республикалық Ұланы Президенттік оркестрінің солисі, халық аспаптар ансамблінің жетекшісі болды.

2006 жылдан бастап – «КазИнтерАрт»  продюсерлік орталығының директоры.

2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Өнер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2008-2012 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ басшылық етті, «Қазақстанның музыка қайраткерлерінің одағы» ҚБ кеңесшісі (2012-2013), «Қазақстанның рухани даму қоры» АҚ президенті (2013-2014), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ президенті (2014) болды.

2014 жылдың 3 қарашасынан бастап ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарды. 2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.

Көп жылдық шығармашылық қызметі барысында Ғ.А.Ахмедьяров Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытуға, халықаралық гуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Ғ.А.Ахмедьяров – шығармашыл, рухани дүниесі бай, жан-жақты тұлға. Ол – көптеген көркем жобалар мен концерттік бағдарламалардың авторы, режиссер, сценарист. Ол өз қарым-қабілеті бойынша еңбек етіп жүрген нағыз кәсіби маман. Ғ.А.Ахмедьяровтың керемет білімі мен мінсіз көркемдік талғамы оның үлкен ұйымдастырушылық қабілеті, шапшаңдығы әрі жауапкершілігімен үйлесіп, кез келген ауқымдағы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне кепілдік береді. Оның тәжірибе жүзінде іс жүргізуде еңбек өтілі мол, өз саласындағы озық жетістіктерді үнемі бақылап отырады. Жұмысында әрдайым биік жетістіктерге жетіп, әріптестеріне үлгі болып, оларды жігерлендіреді.

Ғалым Ахмедьяров сценарий жасау, репертуар қалыптастыру мен тақырыптық және ойын-сауықтық бағдарламалардан бастап, Тәуелсіздік күні, Конституция күні, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Астананың 20 жылдығы, ЭКСПО-2017 аясындағы мәдени іс-шаралар, Қазақстан Халқы ассамблеясының мерейтойлық концерттері тәрізді мемлекеттік маңызы бар ауқымды мәдени жобаларға дейінгі кез келген жанрдағы түрлі мәдени-көпшілік шаралар барысында жеке әдіске негізделген қағидаттарды пайдаланады. Ғ.А.Ахмедьяров бастамашылдық еткен әрі жүзеге асырған шығармашылық жобалар асқақ көркемдік деңгейге ие және патриоттық рухпен қаныққан, сондықтан орасан зор жетістікке жетіп, көрерменнің оң бағасын алып жүр.

Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған, оның шығармашылық қызметі «Астанаға 10 жыл» (2008), «Астанаға 20 жыл» (2018), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерейтойлық медальдарымен, «ТМД ПАА. 25 жыл» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы медалімен (2017), «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2018) сынды отандық және шетелдік марапаттарымен аталып өткен.

Үйленген, бес баласы бар.