Ахмадиев Мұрат

Директордың кеңесшісі. Қазақстанның Халық әртісі

Ахмадиев Мұрат Абдүрейімұлы 1950 жылы 12 қаңтарда ҚХР-ның ШыңжаңҰйғыр автономиялық өлкесініңШәуешек қаласында дүниеге келген. 1961 жылы отбасымен бірге ҚазКСР-на қоныс аударды.

Бала кезінен ән айта бастаған, 14 жасында теледидардан оның тұңғыш 30 минуттық фильмконцертінкөрсеткеннен кейін әншінің аты тек Кеңес Одағында ғана емесшетелде де танымал болды.

1965 жылы М. Горький атындағы Мәскеу киностудиясында «О чем молчала тайга» көркем фильміне, сондай-ақәйгілі режиссер ШАймановтың «Атамекен» (1966), «Тақиялы періште» фильмдеріне (1968) түскен.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «Хормен дирижерлеу» мамандығы бойыншабітірген (1975).

1973 жылы «Яшлық» ВАА ұйымдастырып, оның тұрақты көркемдік жетекшісі болды. 1980 жылы ансамбльҚазақстан Комсомолы Ленин сыйлығының лауреаты атанған.

1984-2007 жылдар аралығында ТМД-дағы жалғыз кәсіби ұйғыр театры – ҚҚұжамьяров атындағы Мемлекеттікреспубликалық ұйғыр музыкалық комедия театрына жетекшілік етті.

Композитор ретінде «Сиқырлы алма» ертегі-фильмінебірнеше театр спектакльдеріне музыка жазған; көптегенәндердің («Первая любовь», «Свадебная», «Мама», «Райхан») және халық әуендеріне өңдеу авторы.

2002 жылдан бастап Еуропалық университеттің Құрметті өнертану докторы болып табылады. Қазақстан халқыАссамблеясы кеңесінің мүшесі. ТМД ҮАА мәдениет, ақпараттуризм және спорт жөніндегі тұрақтыкомиссиясының мүшесі.

ҚР Парламент Мәжілісінің IV және V шақырылымдарында депутат (2007-2011, 2012-2016) болды. 2016 жылдыңнаурыз айынан – «Астана Опера» МОБТ директорының шығармашылық ұжымдар жөніндегі орынбасары.

Марапаттары:

  • ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы (1978);

  • ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1984);

  • Қазақстанның Халық әртісі (1998);

  • «Кұрмет» (2005) және «Парасат» (2010) ордендерінің кавалері;

  • «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие (2012).

  •