Александр Совостьянов

Қоғаммен байланыс бойынша директордың орынбасары

Александр Совостьянов

Директордың сыртқы байланыс және маркетинг жөніндегі орынбасары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тамамдады (1998-2003). Шығармашылық мансабын «NS» радиостанциясында музыкалық жетекші лауазымымен бастады. 1995-2001 жылдар аралығында «Алтын-Алма» ойын-сауық кешенінің дыбыс режиссері, «Қазақстан телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясының «Астана» радиосында музыкалық продюсер және «Шахар» радиосының сауд-инженері болып жұмыс істеді.

1999-2001 жж. «Талион» ЖШС «Cinema City» кинотеатрының Арт-директоры болды.

2001-2003 жж. «Алтын диск» фестивалінің атқарушы директоры лауазымында «Алтын диск» қазақстандық жыл әні гала-концертін ұйымдастыру және өткізумен, сондай-ақ оның телевизиялық нұсқасын дайындаумен айналысты.

2002-2008 жж. – «Астана қаласының телевидениесі» ЖШС «РДВ – Үлкендерге арналған радиосының» директоры. Ал 2009-2010 жж. «Эра» телекомпаниясы ЖШС бас директорының орынбасары және коммерциялық департамент директоры болды; оның міндетіне телекомпанияның коммерциялық тұжырымдамасын жасау және оны жүзеге асыру, компания қызметкерлерінің материалдық мотивациялары жүйесін енгізу, телехабар тарату процесінің шығармашылық бөлігін ұйымдастыру, Ұлттық компаниялармен және жарнамалық агенттіктермен жұмыстарды ұйымдастыру, өңірлерде өкілдік желісін және сату бөлімдерін құру жұмыстары кірді.

2011-2012 жж. – «Нұр Медиа» ЖШС маркетинг департаментінің директоры.

2013 жылдан бастап «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының сыртқы байланыс және маркетинг жөніндегі орынбасары, 2016 жылдан – директордың сыртқы байланыс және маркетинг жөніндегі орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2018).