Таланттар шеруі

Опералық музыканың мэтрлары – Арменияның халық әртісі бас Барсег Туманян, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі тенор Нұрлан Бекмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері баритон Талғат Мұсабаев, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі сопрано Әлфия Кәрімова және тамаша концертмейстер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының лауреаты Гауһар Таспергенова «Тағы да махаббат жайлы» атты жарқыраған концерт ұсынады. Кеш 14 наурызда «Астана Опера» Камералық залында өтеді.

Бағдарламада классик-композиторлардың, қазақстандық композиторлардың камералық-вокалдық лирикасы, сондай-ақ «Астана Опера» жетекші солисттерінің орындауындағы ариялар мен дуэттер орындалады. Олардың қатарында – Г. Доницеттидің «Махаббат шырыны» операсынан Неморино ариясы, шырқайтын Нұрлан Бекмұхамбетов; жетекші солист Әлфия Кәрімова Л. Делибтің «Испандық әнін» орындайды; опера сахнасының шебері Барсег Туманян заманауи американдық ән ұсынуға дайындық үстінде, сондай-ақ осы кеште көптеген қызықты композициялар ұсынылады.

– Махаббатты туралы шексіз айта беруге болады, ал жадырап көктем келгенде ішкі жан-дүниемізде жарқын сезім оянып, махаббат жайында айтып қана қоймай, ән салғың келеді. Махаббат сан қырлы және біз оның қасіреті мен драмасын қосқанда, жан-жақты етіп көрсеткіміз келеді. Концертке қатысушының әрқайсысы беделді опера сахналарында табысқа бөленген. Енді олар бас қосып, нағыз таланттар шеруін өткізеді. Репертуар жиынтығы да айтарлықтай сан алуан: үлкен операдан бастап, камералық музыкаға, романсқа, түрлі композиторлар әніне дейін. Концерт адам сенгісіз қызықты болады деген ойдамын, – деп атап өтті концертмейстер Гауһар Таспергенова.

Концерт 19:00 басталады, билет бағасы – 2 000 теңге.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры