Ұрпақтар сабақтастығы үзілмесін

Ұрпақтан ұрпаққа» концерті қазақ операсы өнерінің іргесін қалаушыларға арналады. 20 қарашада астаналық театрдың Камералық залы сахнасында тамаша әншілер – «Астана Опера» солисттері өнер көрсетеді.

_DSC9110

Кеште әртістер аты аңызға айналған орындаушылар – Құрманбек Жандарбеков, Күләш және Қанабек Бәйсейітовтер, Ғарифолла Құрманғалиев, Ришат және Муслим Абдуллиндердің және басқалардың шығармашылығын еске түсіреді. КСРО халық әртістері Роза Жаманова мен Ермек Серкебаев сомдаған кейіпкерлердің жарқын бейнесі, көптеген тыңдарманның әлі есінде. Бибігүл Төлегенова мен Әлібек Дінішевтің шеберлігі мен таланты күні бүгінге дейін таңдай қақтырып, керемет әсерге бөлейді.

ҚСРО халық әртістері Мұрат Мұсабаев, Байғали Досымжанов, Әнуарбек Үмбетпаев, Қазақстанның халық әртістері Шора Үмбеталиев, Қорлан Қалиламбекова, Сұлтан Байсұлтанов һәм ҚСРО еңбек сіңірген әртісі Абай Байтоғаев Қазақстанның опера өнерінің дамуына зор үлес қосқан. Орындаушылар мінсіз даусымен және актерлік мәнерлілігімен танымал еді.

– Біз қазақ операсы өнерінің іргесін қалаушылардың дәстүрін жалғастырған сол бір керемет әртістерге, театрдың солисттері атынан құрмет ретінде осы концертті ұсынып отырмыз. Бір жағынан бұл – танымдық кеш: XX ғасыр орындаушыларының шығармашылығы бірте-бірте ұмтылып барады. Менің ойымша, бұл әділетсіз, өйткені олар өз Отанында біздің өнерді белсенді түрде дамытты, сондай-ақ оны әлемнің көптеген еліне паш етті. Біз ария, дуэт және әндер енген ауқымды бағдарлама дайындадық. Меніңше, мұндай концерттердің маңызы ерекше, олар репертуардың сәні, өйткені әншілер бізге мұра болып жеткен классикалық туынды үлгілерін үздік қазақстандық опералық мектептің дәстүріне сай орындайды, – деп атап өтті концерттің авторы, концертмейстер Долорес Үмбетәлиева.

Осылайша тыңдарманға «Біржан-Сара» операсынан Сараның ариясы, «Мадам Баттерфляй» операсынан Чио-Чио-сан ариясы, «Дон Жуан» операсынан Дон Жуан мен Церлинаның дуэті және басқа көптеген әндер ұсынылады. Көрермен алдында өнер көрсететін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Бибігүл Жанұзақ (сопрано), Медет Шотабаев (тенор), Талғат Мұсабаев (баритон); Арменияның халық әртісі Барсег Туманян (бас), халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Қапонова мен Галина Чеплакова (сопрано), Мейір Бәйнешов (тенор) және т.б.

Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың дипломанты Долорес Үмбетәлиева.

Концерт 18:00 басталадыБилет бағасы – 2 000 тенге.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры