Нағыз ғажайып!

«Астана Опера» симфониялық оркестрі француздық ұлы композитор-романтик Гектор Берлиоздың әйгілі Ғажайып симфониясын алғаш рет Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен ұсынады. Концерт 15 сәуірде Үлкен залда әлемнің үздік гобойшыларының бірі Джанфранко Бортолатоның қатысуымен (Италия) өтеді.

_DSC1865

Кеш бағдарламасын Миландағы Ла Скала, Турин Корольдік театры және Рим операсы театрларының бірінші гобойшысы Джанфранко Бортолато ашады. Ол оркестрдің сүйемелдеуімен Р. Штраустың гобойға арналған концертін орындайды.

Екінші бөлімде тыңдарманға Г. Берлиоздың ең танымал шығармаларының бірі – жарқыраған, жаңашыл Ғажайып симфониясы ұсынылады. Туындының толық атауы – «Әртістің өмірінен алынған оқиға, бес бөлімді ғажайып симфония». Жалпы тарихта бағдарламалық симфонияның тұңғышының мазмұны автобиографиялық, оны жазуға композитордың британдық әртіс Генритта Смитсонға деген романтикалық сезімі шабыт берген. Симфония 5 бөлімнен тұрады: Армандау – Құштарлық, Бал, Алқаптағы көрініс, Өлім жазасына шеру, Шабаш түніндегі түс.

Г. Берлиоздың шығармашылығы өз заманынан айтарлықтай озық болды. Ғажайып оқиғалар желісі-фантасмагорияны, қызықты музыкалық ізденістер мен өрнектерді, жанрлық талдауды – осының бәрін көптеген композиторлар, соның ішінде XX ғасырдың композиторлары да пайдаланды.

_DSC3323

Маэстро Абзал Мұхитдинов осыншалықты жарқын көріністер мен бейнелерді оркестрдің көмегімен жеткізуге болатынына осы, мәні жағынан театрландырылған, ғажап симфонияны мысал ретінде келтіруге болатынын атап өтті.

– Бұл музыка адам қиялын шарықтатады, көпшілік үшін ол нағыз жаңалық болмақшы. Шығарма әдеттегіден тыс нұсқада орындалады. Мысалы, үшінші бөлімде біз көрермен залында гобой әуені қалай қалықтайтынын естиміз. Соңында сүйікті әйел тақырыбының трансформациясын бақылаймыз. Бал кезіндегі вальс, жалмауыз кемпірлердің жабайы биіне айналады. Ішекті аспап шеберлері ысқының сабымен (келесі беті) ойнау арқылы қаңқа сүйектері қалай сықырлайтынын келтіреді, ал залдың ең жоғарғы жағынан моланың қоңырауы естіледі, – деп әңгімеледі Абзал Мұхитдинов.

Концерт жүргізушісі – «Мәдениет қайраткері» Маржан Жәкенова.

Басталуы 18:00, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры