Г.Малердің № 8 симфониясының премьерасы «Астана Операға» 21 шілде күніне ауыстырылмақ

Австриялық классик Густав Малердің танымал №8 симфониясының қазақстандық тұсаукесері 22 шілде, Бейбітшілік және Келісім сарайы алаңынан 21 шілде, сағат 20.00, «Астана Опера» театрының Үлкен залына ауыстырылмақ. Қазақстан мен Италиядан келген 1200 музыкант атақты маэстро, «Астана Операның» бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен өнер көрсетеді. Бұл орасан зор музыкалық жобаны «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсыныс отыр.

_DSC6885 (1)

– Адам үшін табиғат ықпалы әрдайым болжауға келмейтін дүние, 22 шілде күні ауа райын бақылаушылар кешкі мезгілде салқын ауа температурасы мен жаңбыр жауады деп болжауда, сондықтан біз тәуекелге бел байламай, іс-шараны «Астана Операның» Үлкен залына ауыстыруға шешім қабылдадық – деп түсінік берді театр дирекциясы.

Осы бірегей жобаның қоюшы дирижері Алан Бөрібаев Г.Малердің симфонияларын ерте жасынан орындай бастады. Алғаш рет ол Загребтегі Ловро фон Матачич атындағы дирижерлер байқауында бірінші сыйлықты жеңіп алғаннан кейін, №1 симфонияға 20 жасында дирижерлік етті. Сол уақытта А.Бөрібаев Вена музыка және орындаушылық өнер университетіне оқуға жаңа түсіп, алғашқы ноталарынан бастап ұлы австриялық композитордың шығармашылығын сүйген еді. Қазіргі таңда маэстро репертуарында Г.Малердің барлық симфониялары бар. Осы жылдың наурыз айында «Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры мен жетекші солистерінен тұратын ұжыммен бірге ол қазақстандық көрерменге №2 симфонияны тарту етті, өткен жылы Дублинде алғашқы бес симфониядан тұратын топтаманы ұсынды.

Концертке «Астана Опера» театрының жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлеріСалтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Айгүл Ниязова, Нұрлан Бекмұхамбетов, халықаралық байқаулардың лауреаты Татьяна Вицинская, сонымен қатар Абай атындағы МАОБТ солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Оксана Давыденко, Олег Татамиров, Таир Тажигулов қатысады.

Г. Малердің айбынды туындысын «Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры және балалар хоры, Карло Феличе (Генуя қаласы) театрының, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестрі мен хоры, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекетік академиялық симфониялық оркестрі мен «Солистер академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрі орындайтын болады.

Оларға жетекші қазақстандық хор ұжымдары қосылады, атап айтқанда: Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының хоры, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хоры, Қазақ ұлттық өнер университетінің аралас хоры, ұлдар хоры, «Елігай» балалар хоры, А.Жұбанов атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық қазақ орта мектеп-интернатының, К.Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының, М.Төлебаев атындағы музыкалық №5 мектептің, П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің балалар хоры және Астана, Алматы, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Көкшетау, Семей, Орал қалаларынан келген басқа да құрамдар бар.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры