ҚР Президентінің жолдауын «Астана Опера» театрының мәдениет қайраткерлері талқыға салады

20 ақпан күні сағат 11:00 «Астана Опера» театрында мәдениет қайраткерлері Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатымен бас қосады. Күн тәртібінде ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Елбасы белгілеген бес негізгі басымдылық бойынша мәселелер қаралады.

_DSC0310

«Астана Опера» МОБТ шығармашылық ұжымы ҚР Президенті саясатын қолдайды. Шараны ұйымдастырушылар талқылау барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген мәселелерді шешу жолдары ұсынылатынын атап өтті.

– Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттің модернизациялану мәселесін шешуге талпынып жатқаны мен өркендеудің жаңа жолына түсу әр елде әртүрлі өрбитінін Елбасымыз өте жақсы айтып өтті. Біз қазіргі жағдайымыздан шыға отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылында баршамыз бірге қол жеткізген мүмкіндіктерді де жоғалтып алмауымыз керек. Көп нәрсе жасалды, мәселен, жоспарлық экономикадан нарықтық экономикаға ауысу жүзеге асырылды, аз уақыт ішінде ірі-ірі бизнес және мәдени орталықтары шоғырланған елордамыз Астана қаласы бой көтерді. Бас қаламыздағы көлемді мәдениет ошағының бірі ретінде «Астана Опера» театрын атай аламыз. Қазақстан Президенті мәдениеттің дамуына ерекше көңіл бөледі. Әртістердің Елбасына деген алғысы шексіз, – деп түйді ойларын ұйымдастырушылар.

Талқылау 20 ақпан күні сағат 11:00 «Астана Опера» МОБТ Камералық залында өтеді.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры