Аяулы ханымдарға тарту

Нағыз көктем мейрамы – 8 Наурыз мерекесіне аяулы ханымдарға театрға билет сыйлау дәстүрі кеңінен тарап келеді. Халықаралық әйелдер күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Сенен асқан жан жоқ…» атты мерекелік концерт өтеді. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Астана Опера» Симфониялық оркестрі және хоры қатысады.

htmlimage

– Біздің көрерменді театрланған шоу күтеді. Біз концертті ерекше жаңа формада қойғымыз келеді, бүгінгі таңда театрдың алдына қойылған міндет – көрерменге көріп те, тыңдай да алатын және осы оқиғаның қатысушысы болатындай жан-жақты әсер қалдыру. Вокалшылар залға күтпеген жерден шығады, бейнелік сүйемелдеу көрерменді алдымен ғарышқа, содан кейін гүлденген баққа апарады, сонымен қатар концертті тамашалаушы қауымға көптеген тосын сый әзірледік. Симфониялық оркестрдің үні көрерменге анағұрлым терең, сонымен қатар жанына жақын да түсінікті сезім сыйлайды. Музыка – бұл, әрине, ұтымды сыйлық, бір жағынан, өзіңіздің сүйіктіңізге мерекелік көңіл-күй сыйлайсыз, екінші жағынан – жаныңызға рухани азық жинауға мүмкіндік бересіз, – деп атап өтті концерт режиссері Наталья Кагадий.

Концерт вокалдық-аспаптық сипатта болады. Сахнаға «Астана Опера» театрының жетекші опера солисттері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Айгүл Ниязова, Жан Тәпин, Талғат Мұсабаев, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыргөзов, Жанат Шыбықпаев; Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова; халықаралық байқаулардың лауреаттары – Айзада Қапонова, Салтанат Мұратбекова, Татьяна Вицинская, Галина Чеплакова, Мейір Бәйнешов, Бейімбет Таңарықов, Мәдина Исламова, Рамзат Балакишиев, Нарұл Тойкенов және «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, музыканттар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов және Айсұлу Байкенова және тағы басқалары шығады.

Концерттің басталуы 18:00, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры