Швеция мен Финляндия музыкасы қалықтайды

Еуропаның белгілі дирижерлерінің бірі Матс Лильефорс (Швеция) және «Астана Опера» Камералық оркестрі «Швеция және Финляндия музыкасының кешін» ұсынады. Концерт 3 маусымда театрдың Камералық залында өтеді. Солист – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка).

Liljefors_lrg

Матс Лильефорстің шығармашылық қызметі оның өнерінің шегін айқындайтын сан түрлі қызық туындылармен ерекшеленеді. Корольдік Балтық симфониялық оркестрінің және Швеция Корольдік камералық оркестрлерінің бас дирижері, «Корольдік сарайдағы музыка» фестивалінің және Балтық Корольдік фестивалінің көркемдік жетекшісі.

Маэстро көптеген жетекші әлемдік ұжымдармен және Б. Нильссон, Н. Гедда, Дж. МакКракен, Б. Бонней, Й.Сук сияқты атақты әртістермен бірге әріптестікте жұмыс жасайды. Оның Мюнхен филормониялық оркестрімен, Бавария мемлекеттік опералық оркестрімен, Мәскеудегі Үлкен Театр оркестрімен, Италиядағы Парм операсымен, Неапольдегі «Сан-Карло» оркестрімен, Веналық Концертферайн оркестрімен, Мәскеу камералық оркестрімен және басқа ұжымдармен бірлесіп өнер көрсетуі кеңінен танымал болған.

Осы кеште швед және фин композиторлық мектебінің таңдаулы шығармалары, сонымен қатар қазақстандық авторлардың туындылары, мысалға алсақ, Хабибулла Сетековтың Скерцосы орындалады.

Бағдарламада – Швецияның алғашқы кәсіби композиторларының бірі, замандастарының арасында «швед музыкасының атасы» ретінде танымал болған Иоганн Хельмих Руманның «Дротнингхольм қамалының музыкасы». Тыңдармандардың назарына сонымен бірге, Вильгельм Стенхаммардың оркестрмен сүйемелденетін скрипкаға арналған екі танымал сентименталдық романсы ор.28 және шведтік неоклассициз өкілі Даг Виреннің ішекті аспаптарға арналған серенадасы ор.11 ұсынылатын болады. Д. Виреннің шығармашылығы айқындығымен және құрылымының ықшамдылығымен, скандинавиялық музыкалық фольклорының элементтерін пайдалануымен ерекшеленеді.

Елорада тұрғындары мен қонақтарына Финляндияның атақты композиторы, өз елінен тыс алыс елдерде танымал болған Ян Сибелиустің анданте фестиво туындысы ұсынылады. Оның отандасы Армас Ярнефельттің Прелюдиясы мен Бесік жыры орындалатын болады.

Жүргізуші  музыкатанушы Сәуле Мәулетова.

Концерттің басталуы 18.00.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры