?й?ыда?ы аруды” Елбасы да тамашалады

«?й?ыда?ы аруды» Елбасы да тамашалады

04 Шілде 2013, 09:36

Астана. 4 шілде. Baq.kz – С?рсенбіні? кешінде Елбасы Н?рс?лтан Назарбаев “Астана Опера” опера ж?не балет театрында ?лемдік сахнаны? хас шеберлері астаналы?тар мен ?ала ?она?тарына арнап тарту етіліп жат?ан П. И. Чайковскийді? “?й?ыда?ы ару” балетін тамашалады. Б?л ж?нінде Baq.kz тілшісі хабарлайды. 
?лем назарын ?зіне аудар?ан “?й?ыда?ы ару” балетіні? ?оюшысы – хореографияны? те?дессіз шебері – Юрий Григорович. Ал ?оюшы суретші, сценограф – ?йгілі Эцио Фриджерио болса, киім ж?ніндегі суретші – Италиядан арнайы ша?ыртыл?ан Оскар сыйлы?ыны? иегері Франка Скуарчапино. Сахна шеберлері осы?ан дейін “?й?ыда?ы аруды” Генуя, Варшава мен М?скеуде ?ой?ан екен.
Юрий Григорович редакциялап, Эцио Фриджерио сценографиясын жа?арт?ан “?й?ыда?ы ару” балеті “Астана Опера” театрыны? орасан зор сахнасыны? барлы? м?мкіндіктерін толы??анды к?рсетті. Атал?ан ?ойылым б?гінге дейін ?лемні? т?рт театрында ?ойыл?ан, мінекей, енді бесінші рет су жа?а “Астана Опера” театрында сахналануда.
“Б?л Григоровичті? бесінші редакциясы. Бес редакцияны? е? ?здігі осы. Оны? айтуынша, ?рбір редакция бойынша ж?мыс істегенде, ?осымша д?ниелер ?ос?ан, ?семдеген, дамыт?ан. Сонды?тан б?гінгі бізді? сахнамызда?ы “?й?ыда?ы ару” осы кезге дейінгі ?ойылымдарды? ішіндегі е? ?здігі”, – деді “Астана Опера” опера ж?не балет театрыны? директоры Т?леген М?хамеджанов.
?ойылымда ертегі сарыны мен махаббат поэтикасы ?штас?ан. Ал сюжет Аврора ханшайымны? ж?з жыл ?йы?тап, айналада?ыны? б?ріні? сонымен бірге ?йы?тап, бірге оянатыны жайында ?рбиді. ?ртістерді? киімдері к?зді? жауын аларлы?тай ?сем болды демеске амал ?айсы. Себебі, 17 ?асыр мен 18 ?асырда?ы модельдерді? ?лгісіндей же?іл жібек к?йлектерді арнайы тапсырыспен тіктірген. Барлы? к?йлектерді? ?олмен кестеленіп, оларды ?зірлеуде ?рнекпен айналысатын мамандар, суретшілер мен кестешілер к?н-т?н демей е?бектенгені сезіліп-а? т?рады. Костюмдерді? біршамасы Милан мен М?скеу шеберханаларында дайындалса, бір?атары ?з елімізде тігіліпті.
Суретші-сценограф Эцио Фриджерионы? да е?бегі к?рермендерді? та?данысын тудырды. Ол ?ойылым?а ерекше, жар?ыра?ан ты? нобайлар жаса?ан. Мысалы, ол салма?ы 16 тоннаны ??райтын алтын жалатыл?ан дайын декорацияны Италиядан арнайы алдыр?ан. Ал сахнада?ы патша сарайыны? ?а?пасы 500 келіні ??ра?анымен, ?сем де к?ркем безендірілген декорацияларды? механикаландырыл?ан ж?йеде конструкциялы? к?тергіштерді? к?мегімен жедел к?терілуі, жа?а театрды? орасан зор м?мкіндікке ие екендігін паш еткендей.
?ойылым барысында та?ы бір ерекше к?рініс жасауды? н?зік иірімдеріні? бірі – жары? беру т?сілі екендігі болса керек-ті. Б?л ретте жары? бойынша суретші италиялы? Виничо Келиді? есімін атап ?туге тиіспіз. Ол опералы?, драмалы? ж?не балеттік спектакльдерді? жары?ты? партитураларын жасаушы ретінде ?лемні? к?птеген елдеріне таныс. ?оюшы – дирижер ретінде ?ойылым?а ?ызмет еткен отандасымыз Айдар Абжахановты? да есімін атап ?тпей болмас. Т?тас оркестрді? ?ажайып ?нін тая? ?шымен шебер иіре білген дирижер Айдарды? е?бегін к?рермендер де ?те жо?ар ба?алады.
Жалпы, театр ?жымы мен ?ойылым ?ртістеріні? екі жарым са?ат?а созыл?ан ?неріне т?нті бол?ан к?рермендер «?й?ыда?ы аруды» ?сынушылар ?ауымына д?н ризашылы?ын білдіріп, ?за? ?ол со?ты. Тіпті, он бес минут?а созыл?ан ?ошеметке Елбасыны? ?зі тік т?рып ??рмет к?рсетіп, дестелі ы?ылас г?лін тарту етті.
?лемдік сахнаны? озы? ?лгісі болып табылатын б?л ?ойылым Астананы? он бес жылды?ы ??рметіне ?йымдастырылып отыр?анды?тан, алда?ы к?ндері та?ы да жал?асын таппа?. На?тылай т?ссек, 6 ж?не 7 шілде к?ндері кешкі жетіде «Астана опера» опера ж?не балет театрында бастау алатын болады. Келі?іздер, к?рі?іздер!

Н?рлыбек ДОСЫБАЙ

http://www.baq.kz/kk/news/31670

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры