Үлгілерден бастау алған тұсаукесер

1970 жылы еліміздің көгілдір экранына шыққан жанды тербейтін «Қыз Жібек» фильмінің арқасында, екі жас ғашықтың махаббаты туралы аңыз танымалдылыққа ие болды. Алайда театрлық ортада «жібек қызға» арналған халық поэмасы бұдан әжептеуір ертеректе – 1934 жылы шырқалған. Енді міне, 83 жыл өткен соң Е. Брусиловский мен Ғ. Мүсіреповтің операсы соңғы техникалық мүмкіндіктерге сай «Астана Опера» театрының сахнасында қойылады. Көрермен 10 және 11 ақпанда нағыз жауһармен қауышпақшы. 

_DSC3969

Бұл спектакльді бірқатар себептерге сүйене отырып, маусымның тұсаукесері деп толық сеніммен айта аламыз: біріншіден, қойылым А. Мұхитдиновтің жаңа музыкалық редакциясында ұсынылады. Екіншіден, көрермен режиссер М. Панджавидзе ойластырған жылдың барлық төрт мезгілінің ауысуын бірінші рет осы операда тамашалайды. Үшіншіден, таң қалдыратын декорациялардың әдемілігі ғана емес, С. Тасмағамбетова мен П. Драгуновтың бай костюмдері, ғажап 3D әсерлер, сондай-ақ қойылымдағы жануарлар – түйелер мен жылқылар көрермен қауымды қуантады. Және бұл қызықтың басы ғана…

Қыз Жібек туралы халық поэмасы махаббат туралы арманды паш ететінін, махаббаттағы адалдықты шырқайтынын, сонымен қатар ерлік пен ар-намыс туралы баяндайтынын еске сала кетейік… Операға екі жас ғашық – Жібек пен Төлегеннің махаббаты негіз болған. Сұлу Жібек билікқұмар Бекежанмен атастырылуына қарсы шығады. Ол өзі сүйетін жанға ғана тұрмысқа шыққысы келеді. Ол сұлулығына тәнті болған, алыстан келген Төлегенді таңдайды. Алайда Бекежан қарсыласын сатқындықпен өлтіріп, ғажап махаббат жайлы оқиғаның жібін үзеді.

Киіміне қарап қарсы алады!

Аққудай әдемі бұл ертегі үшін «Астана Опера» театрының цехында костюмнің рекордтық саны тігілуде: 350 костюм. Тігін цехының меңгерушісі Жанар Момынова жұмыс ауқымы шынымен де зор екенін мойындайды, алайда ол мамандардың мұндай қойылымдармен жұмыс жасағанын айта кетті. Өйткені бұл театр қабырғасындағы бірінші ұлттық спектакль емес, мысалы М. Төлебаевтің «Біржан-Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операларына, Ғ. Жұбанованың «Қарагөз» балетіне арналған костюмдерді де театр шеберлері тіккен. 

_DSC3942

_DSC4074

«Қыз Жібек» операсындағы сценография мен костюмдерге, оншақты жылдан бері етене жұмыс жасап келе жатқан суретшілер Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов жауап береді. Костюмдер мен декорациялардың нобайын олар әрдайым бірге дайындайды.

– Театрға көркем бейне тән болғандықтан, біз этнографияға терең үңілмейік деп шештік. Алайда, басты кейіпкерлер шыққан рулар арасындағы айырмашылық анық байқалады. Базарбайдың руы – бай, ауқатты, ал Жібектің тегі, біздің режиссердің пайымдауынша, тақуалыққа жақын. Спектакльге «Астана Опера» театрының Балалар студиясының жас әртістері қатысады. Олардың костюмі – ең күрделі костюмдердің бірі. Жалпы саны – 55. Соған қарамастан, костюмдер өлшемі жағынан ересектердікінен кем түспейді, оларға да сонша уақыт кетеді. Жауынгерлерді сомдайтын балалар бар, сәйкесінше оларды әрлегенге былғары сауыттар және басқа керек-жарақ дайындалады. Әсіресе бұл Базарбайдың жауынгерлеріне, оның жасағына қатысты. Мұнымен қатар, хор әртістері екі рет киім ауыстырады, бұл жұмыс ауқымын одан да арттыра түседі, – деп атап өтті қоюшылар.

_DSC4080

_DSC4071

_DSC4069

_DSC4061

Киім пішушілер, қойылымда барқыт, ши барқыт және масаты сияқты материалдар кеңінен қолданылғанын айтады. Костюмдердің астары сапалы мақталы матадан жасалған. Көйлектер жібектен және жұқа жібек маталардан тігілген. Бас киімдер де театр цехында әзірленеді, олардың саны костюмдер санымен бірдей және олардың әрқайсысы өзінше ерекше. Костюмдерге қарап, жыл мезгілін біліп қана қоймай, кейіпкердің әлеуметтік мәртебесі, жасы, қандай руға жататынын, тіпті кейіпкердің көңіл-күйін де байқай аласың.

_DSC4412

– Бұл қойылымда басты кейіпкерге екі костюм тігілді. Жібектің ішкі жан-дүниесі әшекей бұйымдардан, сонымен қатар тігілген ою-өрнектер түсінің үйлесімінен байқалады. Мысалы, оның шапанындағы геометриялық ою-өрнек жігерлі мінезін білдірсе, көйлегіндегі жұмсақ сырмалы өрнек оның биязы әрі нәзік жанды қыз екенінен хабар береді. Көйлекті тастармен және меруертпен әрлейміз. Қалыңдықтың әшекейі – ең маңыздысы. Әдетте аталған костюмді ақ немесе қызыл түстен тігеді. Біз оны меруерт түстес етуді жөн көрдік, бұл түс кейіпкер арманының орындалмағанын білдіреді. Қойылымдағы барлық костюмдер ішінде Жібектің костюмі ең «заманауи» екенін айтып кеткім келеді. Шілтер белдемшеге тастар мен майда моншақтар, кеудешесінің ортасында орналасқан ерекше өрнек күмістен тігілген, – деп бөлісті Софья Тасмағамбетова.

_DSC4093

_DSC4087

– Бірінші көрініс ерте көктемде болады. Костюмдер мен бас киімдер аң терісімен жиектелген. Олармен жұмыс жасау әрдайым қиындық туғызады, ол көп уақыт пен күшті қажет етеді. Біз қаракөл елтірісін, түлкінің, полярлық түлкінің таза терісін, сонымен қатар олардың жасанды түрін пайдаланамыз. Маталар түрлі-түсті, ерекше үлгіде ұсынылған. Мұнда костюмдер екі рет қайталанбайды деп сеніммен айта аламын. Қойылымда барлық реңдер қолданылған. Жыл мезгіліне байланысты түстер үйлесімдігі де өзгереді. Қыстың көрінісінде күңгірт, суық түстер пайдаланылады. Сәйкесінше, жаз бен көктем – қанық түстер: қызыл, қызыл сары, қызғылт. Көптеген камзолдар, шапандар, көйлектер қолмен кестеленеді, – деп әңгімеледі Жанар Момынова.

_DSC4097

_DSC4078

_DSC4057

Көз – қорқақ, қол – батыр

Суретші-сценографовтар Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов ойластырғандай, сахнада ғажайып көк аспан астында биік төбелер, ұзын-сонар керуен мен қолөнершілердің жұмбақ қаласы көрініс табатын кең байтақ дала орналасады.

_DSC3993

Алайда сахнаға «жетіп», көрерменді қайран қалдырғанға дейін, былай қарағанда, қарапайым көрінетін әдеттегі материалдар – ағаш, иілгіш полиуретан, алюминий, шыны пластиктен жасалған декорациялар ауыр еңбек жолынан өтеді. Суретшілер декорация нобайын алдымен Сахналық қойылым жобалары және қойылым жұмыстары басқармасына ұсынады. Сосын мамандар нақты көлемді есептеп, сызбалар жасайды да, жөндеу және ұсақ-түйек жұмыстар цехына жібереді. Нағыз ғажап осында жасалады.

_DSC4002

– Мына қабырғаға қарап, нағыз қабырғаға өте ұқсас, кәдімгі ежелгі қабырға деп ойлайсың. Оны дайындау процесі, адам сенгісіз күрделі: мүсінші оның әр кірпішін бөлек құйған, сосын оның үлгісіне сай үстінен пластикті құйған. Мұнда зор еңбек жатыр, өйткені жұмыс ауқымы шынымен де өте үлкен, – деп әңгімеледі Павел Драгунов.

– Біз осыдан 500 жыл бұрынғы тұрмысты сипаттап қана қоймай, белгілі бір атмосфера тудыру арқылы сол дәуірдің рухын жеткіземіз, – деп атап өтті қоюшылар.

Сахнада орын тебетін қолөнершілер қалашығы, көріністер ішіндегі ең кереметі болатын шығар. Көп тонналы, айқара ашылатын құрылым, көрерменді сөзбен жеткізе алмайтын әдемі кеңістікке әкетеді.

Қала элементтері – мұнаралар мен қабырғаларды театрдың италиялық серіктестері дайындады. Олардың сапасына, сонымен қатар қойылымның барлық қалған декорацияларының сахналық қолданысқа енгізілуіне өз ісінің шебері, Көркемдік-өндірістік кешен жетекшісі Виктор Караре жауап береді.

_DSC3967

_DSC3963

_DSC4405

– Қала, әсіресе, сыртқы қабырға мен сарайдың ішкі жабдығы сәулет тұрғысынан алғанда, жоғары көркемдік деңгейде жасалған. Көрермен үлкен қақпаны, сонымен қатар керемет әсер қалдыратын басқа да көлемді декорацияларды көреді. Қала тұрғындары үнемі қозғалыста болады, мысалы, ұсталар темір соғумен айналысады. Дала бірде қарға жамылса, енді бірде үлбіреген көкнәрмен гүлденеді. Технология дамыған заманда біз бүгінгі және ертеңгі күннің талабына сай болуымыз керек. Осы орайда мен тағы бір жауһардың дүниеге келетініне сенімдімін. Тарих тұрғысынан алғанда, мұндай спектакль Қазақстанда болған емес. Суретшілер Софья Тасмағамбетова және Павел Драгунов біздің мәдениетімізді, тұрмысымыз бен салт-дәстүрімізді жақсы біледі. Біз Софьяның өте бай кітапханасынан көп мәліметтер жинадық, – деп атап өтті Виктор Караре. 

_DSC3957

Ауқымды декорациямен қатар спектакльде бейнепроекция қолданылады. Олар керуенді көрсетеді, солардың бірін сахнадан шынайы түрде тамашалауға болады. Әртіс-жануарларға үлкен құрметпен және ұқыптылықпен қарайды. Түйелер мен жылқыларға ыңғайлы болу үшін таймайтын еден жасалады.

Шеберлер жалығуды білмейді

Суретшібутафорлардың жалығатын уақыты жоқ. Бұл қойылымда реквизиттер саны көп. Жебелер мен садақтар, қанжарлар кәдімгі ағаштан жасалады. Мүсіндік бейнелер түсті металдан, сонымен қатар пенопласттан әзірленіп, содан кейін папье-маше техникасы қолданылады да, соңында топырақпен жабылады. Қалқан, балға, қамшы, қорамсақ, балалардың бас киімі, жауынгерлерге арналған белбеу, жеңқап, дулыға – осының барлығы бутафорлық цехта дайындалады. 

_DSC4008 _DSC4021_DSC4004

_DSC4027

_DSC4029

_DSC4033

_DSC4037

– Біз алғаш рет қаңбақ жасамақшымыз. Шөп тәрізді өсімдік сахна бойымен домалап өтуі тиіс, ол үшін арнайы механизм қолданылады. Күрделі өрнектері бар кілемдер өз өлшемінде әзірленеді. Мұнда қоюшы суретшілердің жұмысы өте қызық, жұмыс барысында көп нәрсені үйренеміз, – дейді суретші-бутафор Жанна Мұсаева.

_DSC4019

_DSC4018

_DSC4011

_DSC4039

_DSC4049

_DSC4050

_DSC4404

Шығармашылық тұрғысынан қарасақ

«Қыз Жібек» поэмасының қашан жазылғаны әзірге белгісіз екенін, ол алғаш XIX ғасырдың соңында басып шығарылғанын еске сала кетейік. Баяндау формасына, өлең жолдарының бай әрі айқындығына байланысты поэма қазақ дастандарының ішіндегі ең үздігінің бірі саналады.

Бұған дейінгі «Қыз Жібек» опералық қойылымдары өзінің сүйіктісі мен өмірлік серігін еркін таңдауды жырлады, режиссерлар қазақ қоғамындағы отбасылық-некелік тәртіпке, құда түсу салтына қарсы наразылығын айрықша көрсетті. Басты кейіпкерлер – Төлеген мен Қыз Жібек – еркіндік сүйгіш жастардың идеалын бейнеледі. Олардың бейнесі арқылы қоюшы режиссерлар халықтың жас ұрпақтың бойынан көргісі келетін ең жақсы қасиеттерді көрсетуге тырысты. «Астана Опера» театрында қойылыммен жұмыс істеп жатқан режиссер Михаил Панджавидзе, әріптестерінің бұған дейінгі тәжірибесін көшірмек емес.

_DSC3561

– Бұған дейінгі қойылымды тірілтуге тырысудың қажеті жоқ. Жұмыс барысында «ақылға сыятын қағиданы ұстану»қажеттігін және «біз хирург сияқты болуымыз керектігін – зиян келтірмеуіміз қажет» екенін сөз еттікАлайда осы тұстажөнсіз тырысу және «дәстүр» арнасында қалып қою қаупі барОлай болсаспектакль қызықсыз болуы мүмкінВольтерайтқандай – «Қызықсыз туындыдан басқа жанрдың бәрі тамаша». Мен бұл шығармаға адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрғысынан қарауға тырыстым. Бірі – залым, екіншісі – жағымды кейіпкер, үшіншісі – лирикалық қаһарман сияқты бір жақты бейнелердің сырт келбетін алып тастадым. Бейнелік тұрғыдан алғанда мұнда жоғары технологиялық сахналық әсерлер молынан қолданылады. Театрға келген адам таң қалдыратын ғажайыпты, күнделікті өмірде кездесетін әлдебір кереметті күтетінін ұмытпау керек, – дейді ойымен бөліскен Михаил Панджавидзе.

_DSC3403

Режиссер сұлу Жібектің рөлін кім сомдайтыны туралы құпияны ашпады. Біз өз кезегімізде осы партияны орындау Күләш Бейсейітоваға, Бибігүл Төлегеноваға және Роза Жамановаға үлкен танымалдылық әкелгенін еске түсірсек, неге десеңіз олардың кемеңгерлігіне бас имеу мүмкін емес екені сөзсіз.

Музыкалық ноу-хау

Бірінші қазақ операсының музыкасы ұлттық фольклорға негізделеді. Партитураның түпнұсқасында ақын-композиторлардың әндері, халықтың тұрмыстық және еңбек билері мен ойындары пайдаланылған. Кейіпкерлердің ішкі әлемін, олардың аласапыран сезімі мен күйінішін ашу үшін қазақ тілінің көркемдік суреттеу құралдары шебер қолданылған, әндік жанр формалары – жар-жар, қоштасу, жоқтау, поэзиялық сөз сайысы – айтыс та бірталай кездеседі. Осылайша Е. Брусиловский елу шақты халық күйі мен әнін пайдаланған. Олардың ішіндегі негізгісі – Қыз Жібектің ариясы. Шын мәнінде бұл ария Ыбырай ақынның «Гәк-ку» әні болып табылады, ол – аққу әуенінің поэзиялық нұсқасы.

80 жыл бойы бұл туындының жанры музыкалық драмаға жатқызылды. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композиторлар одағының мүшесі Абзал Мұхитдиновтің жаңа редакциясынан кейін «Қыз Жібекті» толыққанды опера деп атауға болады. Маэстро әңгіме түріндегі диалогты музыкалық ән жолдарымен алмастырып, Е. Брусиловский сияқты қазақтың белгілі әндері мен күйлерінің музыкасын пайдалана отырып тағы бірнеше оқиға желісін қосты.

_DSC3268

– Алдымен сынап көру үшін бірнеше оқиғалар желісінің нұсқасын жасадым да, оны бағаласын деп өзіміздің әртістерге таратып бердім. Олардан оң жауап алып, барлығы үйлеседі дегеннен кейін дұрыс бағытта келе жатқаныма тағы да көз жеткіздім. Содан кейін бірнеше ән жолдарын Алматыға, операның бұған дейінгі 50 жыл ішіндегі барлық қойылымын білетін профессор, Қазақстанның Халық әртісі Б. Жаманбаевқа жібердім. Ол әртістердің тұжырымын растады. Тамаша қолдауға ие бола отырып, клавирмен жұмысты соңына дейін жасап шықтым. Қазіргі уақытта біздің қолымызда қазақ тілінің ырғағы мен екпіні ноталық үлгіде бекітілген опера бар, оны кез-келген вокалшы, тіпті тіл білмейтін кәсіби әнші де орындай алады. Опера партитурасы айтарлықтай өзгеріске ұшырады – қолжазба қателері сөзсіз түзетілді, оркестрге анағұрлым ыңғайластырылды, – деп айтып өтті маэстро.

_DSC4496

Мұнымен қатар, Абзал Мұхитдинов клавирді жетілдіру үшін үлкен жұмыс жасады, ол сонымен қатар оркестр құрамына бірқатар ұлттық аспапты қосты. Көрермен қауым, бүгінде үлгілері тек мұражайдан ғана табылатын көне аспаптардың үнін тыңдай алады.

– Көне ұлттық аспаптар операның шырқалуына ерекше рең береді. Бірақ, қазір мен симфониялық оркестрдің әдеттегі құрамымен орындауға болатындай аспаптарға ыңғайластырылған тағы бір нұсқасымен жұмыс жасап жатырмын. Біздің орындауымыздан кейін бұл опера үлкен танымалдылыққа және сұранысқа ие болады деп сенемін, ол әрбір қазақтың жүрегіне жақын және сонымен бірге онда қашанда баршаны қызықтыратын, олардың санасын билеп, жүрегін қозғайтын – махаббат, жақсылық пен жамандықтың күресі, адалдық пен сатқындық туралы айтылады, – деп түйіндеді Абзал Мұхитдинов.

… «Қыз Жібек» операсы осымен жүз жылдай өмір сүріп келеді, бұл оның уақыт сынынан өтіп, әлі күнге дейін сұраныста болатынын дәлелдейді. Өзгерістер енген жаңа қазіргі заманның операсына әлемнің барлық театрының сахнасында табыспен салтанат құруды және барлық жерде ыстық ықыласқа бөленуді тілейік.

Photo: Copyright © Astana Opera, 2017

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры