Опералық шлягерлер «Астана Опера» сахнасында

13 сәуірде «Астана Опера» Камералық залының сахнасында тыңдарман назарына әлемдік опера жауһарлары ұсынылады. «Ұлы опералық ариялар» атты концерті түрлі тосынсыйға толы.

Афиша 13апр2017 Великие оперные арии

Концерт бағдарламасында – П. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», Дж. Вердидің «Риголетто», Дж. Пуччинидің «Богема», К. Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Ш. Гуноның «Фауст», Ж. Бизенің «Кармен», Р. Леонкаваллоның «Сайқымазақтар», Дж. Вердидің «Бал-маскарад» және басқа опералардан әйгілі ариялар мен көріністер.

– Бағдарламаға енгізілген арияларды, негізінен, оркестрдің сүйемелдеуімен тыңдауға болады. Менің алдымда күрделі әрі жауапты міндет – осы туындыларды оркестрмен орындау тұр, – деп атап өтті концерт авторы Жанар Ахметова.

Режиссер Наталья Кагадий кешті театрландыра отырып, концерт тұжырымдамасына қызықты ойларын қосқан. Кештің қызықты кейіпкерлерін сомдауға гримдеушілер мен костюмерлер де көмектеседі.

– Маған тенорға арнап жазылған әйгілі шығармаларды орындау бақыты бұйырды, менікіндей дауысты вокалшы репертуарында мұндай туындының болғанын армандайды. Біз Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» және «Богема» операларынан дуэттер, Дж. Россинидің «Севильдік шаштараз» операсынан Розина мен Фигароның естен кетпес дуэтіне және басқасына дайындалып жатырмыз, – деп театр әртісі Ерұлан Кәмел өз ойымен бөлісті.

Опералық шлягерлерді орындайтын «Астана Опера» театрының жетекші солисттері –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ және Айзада Қапонова (сопрано), Салтанат Мұратбекова (меццо-сопрано), сондай-ақ  Ерұлан Кәмел (тенор) және шақырылған баритон, халықаралық конкурстардың лауреаты Азат Мәлік.

Концертмейстер – Жанар Ахметова. Концерттің жүргізушісі – музыкатанушы Маржан Жәкенова.

Концерттің басталуы 19:00, билет бағасы – 1 500 теңге.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры