«ТРАВИАТА» операсы

23

Джузеппе ВЕРДИ

«ТРАВИАТА»

3 бөлімді опера

Либретто авторы

ФРАНЧЕСКО МАРИЯ ПИАВЕ

Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романы бойынша

Тұсаукесері «Ла Фениче» театрында (Венеция) 1853 жылдың 6 наурызында өтті

Қойылым бөлімі:

Музыкалық  жетекші және  дирижер – Франческо Иван Чампа (Италия)

Дирижер – Абзал Мұхитдинов, ҚР   еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Хеннинг Брокгауз (Италия)

Режиссердің ассистенті – Валентина Эскобар (Италия)

Қоюшы суретші – Йозеф Свобода (Чехия)

Жаңғырту бойынша суретші – Бенито Леонори (Италия)

Жарық бойынша суретші – Фабрицио Гобби (Италия)

Костюмдер бойынша суретші – Джанкарло Колис (Италия)

Хормейстер – Ержан Дәуітов, ҚР   еңбек  сіңірген қайраткері

Балетмейстерлер – Тұрсынбек Нұрқалиев, ҚР   еңбек  сіңірген қайраткері

Валентина Эскобар (Италия)

Йозеф Свободаның    үлгілері бойынша декорациялар

Перголези Спонтини қорының    меншігі болып табылады (Йези қ.)

Екі үзілістен тұратын қойылым

Ұзақтығы 2 сағат 50 минут

Итальян тілінде орындалады

(және және  орыс тілдеріндегі ілеспе синхронды аудармамен)

Басты кейіпкерлер және  орындаушылар:

ВИОЛЕТТА ВАЛЕРИ – Екатерина БАКАНОВА (Ресей)

Жаннат БАҚТАЙ, ҚР еңбек сіңірген әртісі

Альфия КАРИМОВА, Башқұртстанның   еңбек сіңірген әртісі

ФЛОРА БЕРВУА – Татьяна ВИЦИНСКАЯ

АННИНА – Елена ГАНЖА

Салтанат МҰРАТБЕКОВА

Гүлжанат САПАҚОВА

АЛЬФРЕД ЖЕРМОН – Винченцо КОСТАНЦО (Италия)

Медет ШОТАБАЕВ

Мейір БАЙНЕШОВ

ЖОРЖ ЖЕРМОН – Симоне ПЬЯЦЦОЛА (Италия)

Талғат МҰСАБАЕВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Талғат ҒАЛЕЕВ

ГАСТОН – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ

Нарұл ТОЙКЕНОВ

БАРОН ДЮФОЛЬ – Евгений ЧАЙНИКОВ

Ескендір ӘБЖАНОВ

МАРКИЗ Д’ОБИНЬИ – Болат ЕСІМХАНОВ

ДОКТОР ГРЕНВИЛЬ – Артур КАИПКУЛОВ, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

КОМИССИОНЕР – Қазбек ДОСМАХАМБЕТОВ

Нұрлыбек ҚОСБАРМАҚОВ

Александр КРАСИКОВ

ДЖУЗЕППЕ – Рамзат БАЛАКИШИЕВ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ және МИМАНСЫ

Қысқаша мазмұны

Бірінші перде

Өзінің  Париждік салонында сауық кешін өткізіп жатқан куртизанка Виолетта Валери табынушысы Альфред Жермонмен танысады. Екеуі оңаша қалғанда Альфред оған өзінің  сезімін білдіреді. Алдымен наразылық  танытқан Виолетта артынан жұмсарып, келесі күні кездесуді ұсынады. Виолетта еркіндік пен махаббаттың екі арасында қалып, қайсысына таңдау жасарын білмейді. Ақыры махаббатқа тоқтам жасайды.

Екінші перде

Бақыт құшашындағы қос ғашық Париж маңында өмір сүруде. Күтпеген жерден Альфред Виолеттаның үйреншікті тұрмыс қалпын сақтау үшін, мүліктерін сатып жатқанын біледі. Ол қаражат табу үшін кідірместен Парижге аттанып кетеді. Виолетта ған інің  құрбысы Флорадан сауық кешіне қатысуға шақыру алады. Альфред жоқта, оның  әкесі Жорж Жермон Виолеттаға келіп, ұлымен арақатынасын үзуге көндірмек болады. Әке тілегіне көнген ол қоштасу хатын жазады. Қайтып оралған Альфред толқу үстіндегі Виолеттаның  көз жасына аң-таң, ал артынан, ғашығы кетісімен хатты тауып, қатты күйзеледі.

Виолетта Флораның  сауық кешіне өзінің  жаңа қамқоршысы, барон Дюфольмен келеді. Альфред те осында және  карта ойнау барысында баронмен жанжалдасып, азғыруға тырысады. Артынша ол Виолеттаны елдің көзінше опасыздық  жасады деп айыптайды. Виолетта есінен талып қалады. Әкесі келіп, ұлының  жасаған қылығын айыптайды. Барон Альфредті жекпе-жекке шақырады.

Үшінші перде

Арада алты ай өтті. Айықпас дертке ұшыраған әрі достары тастап кеткен Виолетта қайғыдан біртіндеп солып барады. Ол Жорж Жермонның  хатын қайта оқиды, онда Альфредтің баронмен болған жекпе-жектен соң шетелге кеткені, Виолеттаның  өз ін құрбан еткенін білісімен, оған кешірім сұрауға келе жатқаны туралы жазылған.қызметшісі Альфредтің келгенін хабарлайды. Қайта қосылған ғашықтар Парижден кетіп, жаңа өмір бастауды жоспарлайды. Алайда, Виолеттаның күші таусылуда. Ол қайтыс болады.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры