“Тоска” операсы

Джакомо Пуччини

«Флория Тоска»

Үш бөлімді опера

10313953_693188617386393_9153102112987136822_n

Либреттосын жазған Джузеппе Джакоза мен Луиджи Иллика

Викторьен Сардудың аттас драмасы бойынша

 

Тұсаукесері 1900 жылы 14 қаңтарда Teatro Costanzi сахнасында өтті (Рим)

«Астана Операда» премьерасы 2014 жылы 9 мамырда өтті

 

Музыкалық жетекші және дирижер –    Антонелло Аллеманди (Италия)

Дирижерлар – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Ренат Салаватов, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі және Татарстанның Халық әртісі /

                        Джузеппе Акуавива (Италия)

Қоюшы режиссер –                    Лука Ронкони (Италия)

Қойылым үйлестірушісі –          Лоренца Кантини (Италия)

Қоюшы суретші –                     Маргерита Палли (Италия)

Костюмдер бойынша суретші –   Вера Марзот (Италия)

Жарық бойынша суретші –         Джанни Мантованини (Италия)

Хормейстер –                            Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссердің ассистенті – Наталья Кагадий

Балалар хорының жетекшісі –     Алтынғаным Ахметова

 

 

Екі үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 3 сағат

 

Итальян тілінде орындалады

(Қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 

Флория Тоска – Анна Пироцци (Италия) / Екатерина Шиманович (Мариин театры) /

Жұпар Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Маргарита Дворецкая, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Каварадосси – Марсело Альварес / Массимо Джордано (Италия) / Георгий Ониани (Бонн опера театры) / Мұрат Қарахан (Түркия) / Нажмиддин Мавлянов (Ресей) / Франческо Пио Галассо (Италия) / Эдуард Мартынюк (Беларусь) / Ахмед Агади / Артем Голубев (Ресей)

 

Скарпиа – Альберто Мастромарино / Альберто Газале (Италия) / Борис Стаценко (Рейндегі Неміс Операсы) / Элиа Фаббиан / Джулио Боскетти (Италия) / Эдем Умеров (Мариин театры) / Марян Йованоски (Македония) / Евгений Чайников

 

Шіркеу қызметкері – Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Евгений Чайников / Қазбек Досмұхамбетов / Шыңғыс Расылхан

 

Анджелотти – Болат Есімханов

Сполетта – Бейімбет Таңарықов / Рамзат Балакишиев

Шарроне – Талғат Ғалеев / Самат Жарылқасынов

Түрмеші – Болат Есімханов / Нұрлыбек Қосбармақов

Бақташы бала – Айша Орынбасарова / Қажымұрат Еркін

 

 

Кардинал, сот, баскесер Роберти, хатшы, офицер, сержант, сарбаздар,

күзетшілер, бикештер, дворяндар, буржуа, халық және т.б.

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, МИМАНСЫ, БАЛАЛАР ХОРЫ


ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Оқиға Римде, 1800 жылдың 17 маусымында өрбиді.

I перде

Римдегі Сант-Андреа шіркеуі

1800 жылғы монархиялық Италия. Түрмеден қашып шыққан саяси тұтқын Чезаре Анджелотти шіркеуге жасырын тығылады. Мұнда, Чезаренің туысы маркиза Аттавантидің отбасылық капелласында, оның қашып шығуы үшін ауыстырып киетін әйел киімі жасырынған.

Шіркеуде суретші Марио Каварадосси Мария Магдалина бейнесін салуда, оған шіркеу қызметкері көмектесуде. Ол портреттің, кеше ғана шіркеуге құлшылық етуге келген, маркиза Аттавантимен ұқсастығына таңқалады. Жалғыз қалған Каварадосси шіркеуде жасырынған Анджелоттиді көреді. Ол қашқынға көмектесуге дайын, бірақ осы кезде шіркеуге оның ғашығы, әйгілі әнші Флория Тоска келеді. Каварадоссидің алаңғасарлығы Тосканың қызғанышын тудырады, ал Марионың суретінің маркиза Аттавантиге ұқсастығы оның күдігін еселетеді. Суретші Тосканы әрең сабырға шақырып, шығарып салады.

Анджелоттиге оралған Каварадосси оған өз үйіне жасырынуды ұсынады, ал егер қуғыншы іздесе бақша маңындағы құдыққа тығылуға болатынын ескертеді. Түрме зеңбірегі атылады – бұл Анджелоттидің қашқанын жариялайтын белгі. Каварадосси қашқынды тез шіркеуді тастап, өз үйінде тығылуға асықтырады.

Салтанатты діни қызметке дайындық басталуда. Шіркеуге түрмеден қашқан тұтқынды іздестірген полиция бастығы Скарпиа, тыңшыларымен бірге келеді. Капелладан табылған маркиза Аттавантидің желпуіші мен тамақ салатын бос қоржын Скарпиаға ой тастайды.

Шіркеуге қайтып келген Тоска қызғаныш азабында. Скарпиа әншінің күдігін өз пайдасына асырмақ: оған Аттавантидің мөрі бар желпуішті көрсетіп, суретшінің маркизамен кеткенін тұспалдайды. Қаймыққан Тоска Марионың үйіне асығады, ал Скарпиа оның артынан тыңшыларын жібереді. Ойламаған жерден Тоска қауіпті ойын қатысушысына айналады, оның нәтижесінде Скарпиа тек қашқынды ұстап қана қоймай, құпия құштарлығына айналған Тосканы өзінің еркіне бағындырмақ…

Шіркеу капелла әншілері мен қала тұрғындарына толып, Құдайға құлшылық ету рәсімі басталады. Діни қауым мүшелері «Te Deum» мадақ ұранын шырқауда.

 

ҮЗІЛІС

 

II перде

Фарнезе сарайы

Скарпиа өз кеңсесінде хабар күтуде. Барон Тоскаға, итальян әскерінің Наполеонды жеңу құрметіне арналған салтанатты кантатаны орындай салысымен, өзіне келуге шақыру жібереді. Агент Сполетта Каварадоссидің үйінде қылмыскер Анджелоттидің табылмағанын, алайда полиция суретшінің өзін тұтқындағанын хабарлайды.

Каварадоссиден жауап алу әрекеті еш нәтиже бермейді. Кіріп келген Тоскаға Каварадосси тіс жармауды бұйырады. Скарпиа тұтқынды жазалаушының қолына береді. Ол жылы сөздермен Тоскадан шындықты білуге қанша тырысқанымен, әнші қыз өзіне берік. Тек азапталушының ащы дауысынан шошынған Тоска, қашқынның жасырынған жерін ашады. Скарпиа Сполеттаны Анджелоттиге жібереді. Бірақ, осы кезде Шарроне келіп, жеңісті тойлаудың ертерек екенін ескертеді: Маренго маңындағы ұрыс кезінде итальяндық монархистер Наполеон әскерлерінен аямай жеңіліс тапқан. Каварадосси өз қуанышын жасырмайды. Ашулы Скарпиа суретшіні түрмеге қамауды бұйырады.

Тоска бароннан Каварадоссиді босатуын өтінеді. Егер Тоска оның көңілдесі болса, Скарпиа суретшіге рақымшылық жасауға дайын. Тоска үшін сүйіктісін құтқару – ең маңызды мәселе, сол себепті ол келісімін береді.

Скарпиа ату жазасы бос оқтармен жүргізіледі деп уәде етеді. Тосканың талабы бойынша Скарпиа қаладан бөгетсіз шығуға рұқсат қағазын жазады. Скарпиа қызды құшамын деп ұмтылған кезде, Тоска пышақты оның кеудесіне сұғады.

Қолындағы хатымен Тоска Каварадоссиге құстай ұшады.

 

ҮЗІЛІС

 

III перде

Сант-Анджело түрмесі

Бұл жерде Каварадосси ату жазасын күтуде. Бір сағаттан соң үкім орындалады. Марио Тоскаға қоштасу хатын жазуда.

Жүгіріп келген Тоска, Скарпианың өлімі жөнінде және оның ату жазасының жалған болатынын айтады. Ол тек өтірік ату жазасына қатысу керек, ал сарбаздар кеткеннен кейін олар қашып кете алады.

Сарбаздар келеді. Мылтық дауысы гүрс етеді. Жерге құлаған сүйіктісіне ұмтылған Тоска, оның мерт болғанын ұғады. Скарпианың бос оқтармен ату бұйрығы жалған болып шықты.

Түрме ауласына тыңшылар тез жетеді. Скарпиа өлімі мәлім болғанын ұққан Тоска, өзін қанішерлер қолына бермеуге шешім қабылдайды. Ол қамал қабырғасынан секіреді…

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры