«Мадам Баттерфляй» Опера

Джакомо Пуччини

«Мадам Баттерфляй»

3 бөлімді опера

_DSC9199

Либреттосын жазған Луиджи Иллика мен Джузеппе Джакоза

Давид Беласконың «Гейша» драмасы бойынша

Тұсаукесері 1904 жылы 17 ақпанда Ла Скалада өтті

«Астана Опера» театрында тұсаукесері 2016 жылы 15, 16 сәуірде өтті

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Лоренцо Амато (Италия)

Режиссер – Наталья Кагадий

Сценограф – Эцио Фриджерио (Италия)

Сценографтың ассистенті – Риккардо Массирони (Италия)

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино (Италия)

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Әсел Досмұратова

Костюмдер бойынша кеңесші – Джунко Камохара (Жапония)

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони (Италия)

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Екі үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 50 минут

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Мадам Баттерфляй – Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі /

Жұпар Ғабдуллина /

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Пинкертон – Фабио Армилиато (Италия) /

Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Мейір Байнешов

Сузуки – Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Гүлжанат Сапақова

Кэт Пинкертон – Татьяна Вицинская / Салтанат Мұратбекова

Шарплес – Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Горо – Рамзат Балакишиев / Ерұлан Кәмел

Ханзада Ямадори – Талғат Ғалеев / Қазыбек Досмұхамбетов

Бонза – Болат Есімханов /

Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Артур Каипкулов, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

Комиссар – Өміржан Қадыров / Нұрлыбек Қосбармақов

Якусидэ – Хайдар Мұстапин / Өміржан Қадыров

Шенеунік – Самат Жарылқасынов

Апайы – Елена Ганжа

Анасы – Мәдина Исламова

Бөлесі – Әсем Сембина

Долоре, Чио-Чио-санның ұлы – Никита Чайников

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

I перде

ХХ ғасырдың басы. Американдық теңіз флотының лейтенанты Пинкертон кәсіпқой құдаластыруқызметін көрсетуші Гороның арқасында «қол жеткізген» он бес жасар гейша Чио-Чио-санмен үйлену тойына дайындалуда.

Пинкертон еркін мінезімен мақтанып, американдық консул Шарплеске бойжеткен қыз туралыәңгімелейді. Сұлудың өзіне тиесілі екендігін және оған жапон заңы бойынша үйленетінін, яғни қай кезде болса да одан бас тартып, «нағыз» американдық қалыңдықпен некесін қия алатынын мысқылдап жеткізеді.

Чио-Чио-сан Пинкертонға ессіз ғашық, сол үшін де оны ата-баба жолы мен дінінен безуші деп кінәлаған ағасы Бонзаға да төзуде. Үйлену той рәсімдері. Құмарлыққа салынған Пинкертон, барлығы Мадам Баттерфляй деп атап кеткен Чио-Чио-санмен некеге отырады.

ҮЗІЛІС

II перде

Пинкертон көктемде қайтып келетініне сендіріп, еліне кете барады. Қызметші Сузуки оныңсөзіне сенбейді, ал Баттерфляй болса еш күмәнсіз ғашығын күтіп қала береді.

Осы уақытта Пинкертон Америкада үйленген жұбайы Кэтпен бірге күншығыс еліне қайта оралмақ болады және Шарплеске хат жазып, Чио-Чио-санды ащы шындыққа даяр етіп қоюын тапсырады.

Бұл кезде Горо Баттерфляйға күйеу болуға лайық басқа да азаматтарды таныстыра бастайды, солардың ішінде бай ақсүйек Ямадори бар, алайда ару олардың бетін қайтарып, Пинкертонға адал жар болып қала береді. Консул мырзаға американдық лейтенантпен некедегі ұлын көрсетеді.

Американдық кеме портқа келіп кіреді, Баттерфляй кемені алыстан көріп, қуанышпен өзініңкүйеуін қарсы алуға даяр. Ол қымбатты қонағын қарсы алу үшін Сузукиге үйді гүлмен көмкеруді тапсырып, өзі болса үйлену той көйлегін киіп жұбайын тағатсыздана күтеді.

ҮЗІЛІС

IІI перде

Баттерфляйдың күйеуін түні бойы күткені құр бекершілік болды. Пинкертон Кэтпен бірге келіп, баланы алып кететінін айтады. Кезінде Чио-Чио-санмен бірге тұрған үйді аралап шығып, кетіп бара жатқан жігіттің жан дүниесінде нәзіктік, өкініш пен ашу сезімдері ұшқындайды. Шарплес Чио-Чио-санға баланы Пинкертондарға беруіне ақыл айтады, көзі жасқа толған қыз амалсыздан көнеді. Көңіліқұлазыған ол одан әрі өмір сүрудің мәні жоқтығын біліп, қоштасу сәтінде баласын құшағына алып, өзінеқанжар сұғып алады. Пинкертон Чио-Чио-санды көру үшін қайтып оралады, алайда тым кеш еді.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры