“Богема” операсы

Джакомо Пуччини

«Богема»

4 бөлімді опера

Либреттосын жазған Джузеппе Джакоза мен Луиджи Иллика

Анри Мюрженің «Богема өмірінен көріністер» романы бойынша

 

Тұсаукесері 1896 жылы 1 ақпанда «Реджио» театрында өтті (Турин)

«Астана Операда» премьерасы 2014 жылы 13 сәуірде өтті

 

Музыкалық жетекші және қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Джузеппе Акуавива (Италия)

Қоюшы режиссер – Юрий Александров, Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы суретші – Вячеслав Окунев, Ресейдің Халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Режиссер – Наталья Кагадий

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Балетмейстер – Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

 

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 

Мими – Доната Д’Аннунцио Ломбарди (Ла Скала, Италия) /

                 Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                 Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі /

                 Галина Чеплакова

 

Мюзетта – Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                   Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі /

Елена Ганжа

 

Рудольф – Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                   Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Марсель – Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                   Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Шонар – Евгений Чайников / Қазыбек Досмұхамбетов

Коллен – Шыңғыс Расылхан

Бенуа – Талғат Ғалеев

Альциндор – Болат Есімханов / Александр Красиков

Парпиньоль – Бейімбет Таңарықов / Рамзат Балакишиев

Кеден сержанты – Нұрлыбек Қосбармақов / Хайдар Мұстапин

 

 

Студенттер, гризеткалар, қала тұрғындары, саудагерлер, даяшылар, балалар

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, БАЛЕТІ,

ХОРЫ, МИМАНСЫ, БАЛАЛАР ХОРЫ

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

 

Оқиға Парижде 1830 жыл шамасында өрбиді

 

І ПЕРДЕ

Мансарда ішінде

Мансарда ішінде суретші Марсель жұмыс жасауда. Ал, ақын Рудольф арман жетегімен терезеге қарап отыр. Бөлме іші өте суық, оның үстіне достардың қарындары аш. Бірақ осыншама қиындықтарға қарамастан олардың әзілдері жарасқан. Суып қалған пештің іші Рудольфтің бықсып жанған қолжазбаларына толы.

Үйге суықтан қатты тоңып қалған философ Коллен, артынан азық-түлік, отын мен шарап тауып әкелген музыкант Шонар келеді. Көңілдері көтерілген достар, пәтер ақысын талап етуге келген үй иесін келеке етіп, өздерінің сүйікті кафелеріне бет алады. Үйде жазып жатқан мақаласын аяқтау үшін жалғыз Рудольф қалды.

Есікті тықылдатқан әлсіз дыбыс естіледі. Бұл сөніп қалған шамына от сұрай келген көрші қыз Мими. Екі жастың арасында әңгіме-дүкен басталады. Ақырында Мими шығып кетіп, артынша қайтып оралады: ол өз бөлмесінің кілтін түсіріп алған екен. Мимидің қарапайым өмірі жайлы әңгімесі жас жігітті терең ойға қалдырады. Ол қызға ғашық болғанын жеткізіп, оның құптау сөзін естиді. Көшеден достарының дауыстары естіледі. Бақытқа кенелген Мими мен Рудольф оларға қосылады.

 

ІI ПЕРДЕ

Латын кварталында

Көшелер шаттыққа толы. Рудольф пен Мими, Марсель, Шонар және Коллен әзілдесіп кафедегі дастарханға жайғасады. Отырыстың қызған кезінде Марсельдің бұрынғы ғашығы Мюзетта кіреді. Оның жанында бай табынушысы, тәкаппар шал Альциндор бар. Богемалық өмірден шаршаған Мюзетта Марсельді тастағанымен, оны әлі бұрынғысынша жақсы көреді. Ал Марсель болса оны байқамаған болып, ғашығынан жасаған опасыздығы үшін өш алмақшы. Оның немқұрайлы жүріс-тұрысы Мюзеттаның ашуын туғызуда, дегенмен оған Альциндор бөгет болуда. Ақырында амалын тауып, табынушысын жалған тапсырмамен жұмсап жіберген ол, Марсельдің құшағына енеді. Осы кезде қызметші есепшотты әкеледі. Шонар қалтасында ақшасы жоғын байқайды. Бұл жерде Мюзетта тағы да айласын тауып кетеді: ол есепайырысуды өзінің танысы қайтып келгеннен кейін төлейтінін айтады.

 

Үзіліс

 

ІІI ПЕРДЕ

Шекара бекеті

Ақпан айының таңы. Дәмхана жақ көңілді дауыстарға толы, Мюзеттаның күлкісі естіледі. Марсель дәмхана маңдайшасына арнап сурет салуда. Онымен ақылдасуға Мими келеді. Ол Рудольфтің қызғаншақтығынан өмірі адам төзгіссіз болғанын айтып, шағым айтады. Рудольфтің шыққанын байқап қалған қыз жасырынып қалады. Марсельмен әңгіме барысында Рудольф Мимиді жеңілтек әрі тым ерке деп айыптағанымен, артынан шындығын ашады: оның ғашығы ауыр дертке шалдыққан. Мимидің еңіреп жылауы мен жөтелінің дауысы естіледі. Өзінің айтқанына ұялған Рудольф қызды құшағына алып, сабырға шақырады. Осы уақытта Мюзеттаның қатты күлкісін естіген Марсель дәмхана жаққа асығады.

Ащы шындықты білген Мими айырылысуды ұсынады. Қайғыдан егілген қос ғашық қоштасады. Марсель мен Мюзетта келеді. Олар тағы да ұрысуда. Марсель қызға түзелмейтін жеңілтектігін айтып, олар ақыры татуласудың орнына мәңгілікке ажырасып тынады.

 

ІV ПЕРДЕ

Мансарда ішінде

Бірнеше айдан соң. Мансарда ішінде бір-біріне еңбекқорлығын паш еткен Марсель мен Рудольф. Бірақ, олар ғашық жандарын сағынуда. Ішке енген Шонар мен Коллен дастарханға тек қатып қалған нан мен балық әкеп қояды. Ащы әзілмен олар ақсүйектердің дастархан басындағы рәсімдерін көрсете бастайды.

Көңілді отырыстың нағыз қызған шағында мазасызданған Мюзетта келеді. Оның жанында әбден әлсіреген, жоғарыға әзер көтерілген Мими бар. Қобалжыған достары Мимиді ұқыппен кіргізіп, жайғастырады. Бұрынғысынша суық бөлме ішінде Мюзетта өзінің сырғаларын шешіп Марсельге береді. Ол Мимиге дәрі сатып алуға және дәрігерді шақыруға тиісті. Коллен өзінің жалғыз пальтосын сатады. Рудольфтан басқалары шығып кетеді. Мимидің бақыты шексіз: ол тағы да сүйіктісімен бірге, оның жылы сөзін естуде. Алайда, оның уақыты санаулы. Кенеттен, оның тынысы тарыла бастайды. Рудольфтің жан айқайына достары жүгіріп келеді. Біртіндеп Мими тынышталады. Рудольф сүйгені оянып кетпесін деп терезені жабады. Бірақта, оның ғашығы мәңгілік ұйқыға кетеді.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры